spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
14.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Куралай Карина, Құрылтай депутаты Лариса Ли, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досулан Айтбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, мектептер мен колледждердің директорлары және олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Куралай Карина өз сөзінде барлық мүдделі ведомстволардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай форматтағы ведомствоаралық кеңес алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл бастама алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де осындай кездесулер ұйымдастыруға негіз болмақ.

Жиында жеке профилактикалық жұмысты жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерболат Хусаинов тәуекел тобындағы жасөспірімдерді дер кезінде анықтап, олармен мақсатты тәрбие жұмыстарын жүргізудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған әрбір оқиғаны талдау кезінде тек оқиғаның өзін ғана емес, оған себеп болған мән-жайларды да жан-жақты зерделеу қажет.

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға ерекше мән беріледі. Бұл бағытта мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары маңызды рөл атқарады.

Кеңесте балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесі де көтерілді. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ержан Кошқарбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері өңір жолдарында жеті бала қаза тапқан.

Білім беру ұйымдарының маңындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында полиция қызметкерлері 520-дан астам тексеру жүргізіп, шамамен 2 450 жол белгісін және 148 жасанды жол кедергісін орнатқан. Сонымен қатар 300-ден астам жол таңбасы сызылған.

Профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында Полиция департаменті білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған арнайы оқу бейнематериалын әзірледі. Куралай Карина бұл бастаманы қолдап, материалды өңірлік және республикалық деңгейде кеңінен таратуды тапсырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық мүдделі тараптардың жүйелі әрі үйлесімді жұмысын талап ететінін атап өтті. Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу – ортақ міндет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда интернет-алаяқтық деректері 40 пайызға азайды

Қазақстанда киберқылмысқа қарсы күрес және азаматтардың дербес деректерін қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Соңғы үш жылда елдегі интернет-алаяқтық деректері 40...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика