Көкшетауға Елордадан келіп, ата-анасына вирус жұқтырған дәрігер қайтыс болды, -деп хабарлайды«Aqmola News».
Белгілі болғандай, ол Нұр-Сұлтан қаласында хирург дәрігер болып жұмыс істеген. Оның қауіпті вирусты қайдан жұқтырғаны айтылған жоқ.
Ол облыстық туберкулезге қарсы диспансерде екі аптадай уақыт ем қабылдады. Соңғы уақытта облыстың бас санитары мәлімдегеніндей, жасанды винтелияциялық өкпе аппаратына қосылған.
«Өкінішке орай, бүгін бақилық болды, ол 43 жаста еді»,-дейді Айнагүл Мусина.
Жақында ғана оның ата-анасы қайтыс болды.
« Есімізде, бейсенбіде оның әкесі қайтыс болды, жүректің созылмлы ауруынан, бірақ оған да пневмония ықпал етті,-деп толықтырды сөзін Айнагүл Мусина – Екі күннің айналасында, сенбі күні анасының жағдайы күрт нашарлап кетті. Науқастың екі жақты өкпесінің іріңді қабынуы белгілі болды. Көпсалалы облыстық ауруханасындағы жансақтау бөліміндегі кешенді шаралар нәтижесін берместен, екі сағаттан соң, 68 жастағы әйел өмірден озып кетті. Одан да коронавирус анықталды.
Елордалық дәрігер осылайша, тағы әпкесіне және 15 шақты адамға, достары мен әріптестеріне жұқтырған.
Абырой болғанда инфекциялық стационарда жатқан әпкесінің жағдайы қалыпты жағдайға түсті.
Өңірдің бас санитар дәрігері ақмолалықтарға вирустан сақтану жөнінде видео үндеу жариялады.