spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
14.2 C
Kokshetau

Көкшетауда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған PANA жобасы таныстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен зардап шеккен адамдарға шұғыл көмек көрсетуге бағытталған PANA жобасы таныстырылды. Жоба аясында көмекке мұқтаж азаматтар полиция қызметкерлері келгенге дейін қауіпсіз жерде болып, алғашқы қолдау ала алатын арнайы пункттер құру жоспарланып отыр.

Жобаның таныстырылымы Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде өтті. Бастаманың мақсаты, жұмыс істеу тетіктері мен ерекшеліктері туралы Құрылтай депутаты Лариса Ли баяндады.

Жобаның басты мақсаты — қауіпті жағдайға тап болған әрбір адамға шұғыл көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Уақытылы көрсетілген қолдау қайғылы жағдайлардың алдын алуға, ауыр жарақат алу қаупін азайтуға және зардап шеккен адамның одан әрі зорлық-зомбылыққа ұшырамауына ықпал етеді.

PANA жобасы аясында әлеуметтік жауапкершілікті ұстанатын кәсіпкерлердің қолдауымен қауіпсіздік пункттерін ашу көзделген. Мұндай пункттер қолданыстағы жеке кәсіпкерлік нысандарының, дәріханалардың, сондай-ақ КСК мен ОСИ ғимараттарының базасында ұйымдастырылуы мүмкін. Кәсіпкерлер жобаға ерікті түрде қатыса алады.

Бастамаға қосылған нысандардың қызметкерлеріне арнайы оқыту жүргізіледі. Оқыту барысында көмек сұрап келген адамға қандай әрекеттер жасау керектігі, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары және жанжалға қатысушылармен өзара әрекеттесу тәртібі түсіндіріледі.

Көмекке жүгінген жағдайда пункт қызметкерлері дереу полиция шақырады. Құқық қорғау органдары келгенге дейін зардап шеккен адам қауіпсіздеу ортада болып, алғашқы қолдау ала алады.

PANA жобасын алғаш рет Ақмола облысында енгізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бастаманы еліміздің басқа өңірлеріне де тарату көзделген. Қауіпсіздік пункттерін арнайы тамшы бейнесіндегі белгі арқылы тануға болады. Сонымен қатар QR-код арқылы жоба туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беріледі.

Бастаманы полиция қызметкерлері де қолдады. Олардың айтуынша, мұндай пункттер азаматтарды қорғау жүйесін толықтырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте құқық бұзушылықтарға уақытылы ден қоюмен қатар, зардап шеккен адамдардың көмек сұраудан қорықпауына жағдай жасау да маңызды.

PANA жобасы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әрбір азаматтың қорғалуына, көмекке уақтылы қол жеткізуіне және құқық қорғау органдарының жедел әрекет етуіне мүмкіндік беретін қолжетімді қолдау жүйесін қалыптастырудың маңызы зор.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда интернет-алаяқтық деректері 40 пайызға азайды

Қазақстанда киберқылмысқа қарсы күрес және азаматтардың дербес деректерін қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Соңғы үш жылда елдегі интернет-алаяқтық деректері 40...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика