spot_img
Жұма, Шілде 24, 2026
25.6 C
Kokshetau

ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға штаб мүшелері, партия белсенділері, жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.

Жиын барысында партия өкілдері жуық арада Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастайтыны айтылды. Осы мақсатта өңірдің қала-аудандарында, сондай-ақ шалғай елді мекендерде еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымдастығымен және тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылады.

Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, азаматтармен ашық пікір алмасуға басымдық беріледі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Ақмола облысында бір облыстық және 20 аумақтық сайлауалды штаб жұмыс істейді. Олардың құрамына барлығы 486 адам енген. Атап айтқанда, облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар белсенділері бар. Ертеңнен бастап барлық қала мен аудандардағы штабтар өз жұмысын бастайды.

Ақмола облыстық «Әділет» партиясы филиалының төрағасы Берген Беспалинов сайлауалды іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесулердің кестесі бекітілгенін айтты.

– Әрбір кездесу – партияның бағдарламасы мен бастамаларын халыққа таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды ашық алаң. Сонымен қатар бұл – тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, оларды толғандырған мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Біз үшін халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнату, азаматтардың пікірін ескеріп, жұмысты қоғамның нақты сұранысына сай жүргізу маңызды. Сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде облыстың барлық қала-аудандарының тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғамдық ұйымдармен кездесулер өткізу жоспарланып отыр, – деді Берген Беспалинов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өрт қаупі жоғары кезеңдегі Бурабай: елемеуге болмайтын қауіпсіздік ережелері

Найзағайдың түсуі – орман өрттерінің табиғи себептерінің ең кең таралған түрлерінің бірі. Алайда табиғи қауіп-қатерге адамдардың салғырттығы да жиі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика