Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін өз ақпараттық алаңын ұсынады.
Үгіт-насихат материалдары электрондық форматта қабылданады және редакциямен жасалған шарттарда көрсетілген мерзімдерге, сондай-ақ олардың келіп түсу кезектілігіне сәйкес орналастырылады.
Материалдар тек 100% алдын ала төлем жасалғаннан кейін ғана жарияланады.
Мазмұны Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келмейтін үгіт-насихат материалдары жариялауға қабылданбайды.
Барлық үгіт-насихат материалдары қосымша:
- «Aqmola News» интернет-ресурсында;
- басылымның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланады.
Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру құны:
- көлемі 2 бетке дейінгі, бір фотосуреті бар бір ақпараттық материалды жариялау – ҚҚС-ты қоса алғанда 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Директор Ж.Е.Ерғалиев



