spot_img
Сейсенбі, Қазан 7, 2025
5.4 C
Kokshetau

Ақмолалық 64 мың адам коронавирусті анықтайтын ПТР тестілеуден тегін өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында үш айдың ішінде 64 мыңнан астам адам мемлекеттік тапсырыс шеңберінде коронавирус тестілеуінен тегін өтіп, нәтижелерін алған. Облыс орталығында коронавирус тестілеуінен ауру белгілері байқалған, қызуы көтерілген, вирус жұқтырғандармен жақын қатынаста болған  және жүкті адамдар өтуде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ақмола облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше Көкшетау қаласында «Олимп», «INVIVO», және Ақмола облысының туберкулез диспансерінде коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын тестілеу орталықтары жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта елімізде сонымен қатар Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдайдың ушығып жатқаны анық. Сол себепті еліміздің бас санитарының қаулысына сәйкес індеттің бар-жоғын тексеретін тесттен ауру белгілері бар, дене қызуы көтерілген, коронавирус жұқтырған адамдармен жақын қатынаста болған адамдар ақылы негізде тесттен өтіп жатыр. Осыған дейін вирус жұқтырған адамдардың саны да аз болатын. Қазір тестілеу классикалық әдіс арқылы жасалуда. Сондықтан, бір тестілеудің қорытындысы шамамен 5 сағаттан кейін ғана дайын болады, – дейді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Бас санитардың айтуынша, ауру белгілері жоқ адамдардың қызық көріп ПТР тест тапсыруына болмайды. Әрі бұл қаражат жағынан қалтаны біршама қағатын көрінеді.

Бір адамнан ПТР тест алу құны 18500 теңгені құрайды. Бірақ қазір кешегі күннен бері ПТР тест қабылдауды уақытша тоқтаттық. Өйткені тестке қажетті реагенттер таусылып қалды. Алматы қаласынан бізге қашан жеткізілетінінен хабарымыз жоқ. Сондықтан 25-28 маусым күндері тестке қабылданбайды. Тесттен өту үшін ауыру белгілері бар адамдар бізге телефон арқылы немесе сайт арқылы онлайн түрде өтінім жасайды. Қызуы көтерілген, коронавирус жұқтырған адамдармен жақын қатынаста болған адамдардан тест алуға шықпаймыз. Тұрғындар кезек бойынша өтініш жасап, тестен өтеді. Мейірбикелер барлық қауіпсіздік шараларын сақтап арнайы киімдермен тест қабылдауға барады, – дейді «INVIVO» зертханалық орталығы сату бөлімінің басшысы Ольга Голубенко.

Зерттхана қызметкерлерінің айтуынша, тест нәтижелері 3-5 күн аралығында дайын болады. Тест қабылдауға өтініш берушілердің саны күн санап артып келеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика