spot_img
Жексенбі, Маусым 14, 2026
22.4 C
Kokshetau

Ақмола облысында отбасылар референдумда белсенді дауыс беруде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өтіп жатқан референдум барысында өңір тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне отбасыларымен бірге келуде. Бұл – елдің болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың жауапкершілігі мен бірлігінің айқын көрінісі.

Солардың бірі – Қосшы қаласының тұрғыны, «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының жеңімпазы, үлгілі әрі көп балалы Қазанғаповтар әулеті. Отбасы отағасы Ыбырай Қазанғапов жанұясымен бірге референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Отбасы мүшелері елдің ертеңіне немқұрайлы қарамайтынын және әр азаматтың азаматтық ұстанымы маңызды екенін атап өтті. Олардың айтуынша, Отанға деген сүйіспеншілік пен қоғамдық өмірге белсенді араласу – өскелең ұрпаққа көрсетілетін ең үлкен үлгінің бірі.

«Мемлекеттің іргетасы – отбасы. Біз бүгін еліміздің жарқын болашағы мен тұрақтылығы үшін өз таңдауымызды жасадық», – деді отбасы отағасы Ыбырай Қазанғапов.

Ал Степногорск қаласында Қарашиндер отбасы референдумға тұтас жанұясымен келіп, дауыс берді. Олар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, референдум бастамасын қолдайтындарын жеткізді.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, дауыс беру – азаматтық жауапкершілікті танытудың бір жолы әрі қоғамның дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігі. Қарашиндер референдумға бүкіл отбасымен келуді әдейі таңдағандарын, осылайша жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, қоғамдық бастаманы қолдауды мақсат еткендерін айтты.

Осылайша, Ақмола облысының Қосшы және Степногорск қалаларында тұратын отбасылар референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау процесіне өз үлестерін қосуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика