spot_img
Жексенбі, Маусым 14, 2026
22.4 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Алтын алқа» иегері референдумда дауыс берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының көпбалалы аналары өтіп жатқан референдумның ең белсенді қатысушыларының бірі болуда. Жаңа ұрпақты тәрбиелеп отырған әйелдер үшін дауыс беру – бұл, ең алдымен, өз балаларының қауіпсіздігі мен қорғалуына деген қамқорлық.

Осы ретте, Ақмол ауылындағы сайлау учаскесінде өз таңдауын Самал Нургалиева да жасады. Ол жұбайы Сұлтанмен бірге жеті баланы тәрбиелеп отыр. Самал Сайранқызының білім беру және мемлекеттік қызмет саласында жиырма жылдан астам тәжірибесі бар, сондықтан ол саяси үрдістерге кәсіби тұрғыдан қарайды.

«Алтын алқа» құрметті марапатының иегері қазіргі уақытта Конституциядағы өзгерістер әрбір қазақстандық отбасыға тікелей қатысты екенін атап өтті.

«Әр ата-ана өз балаларының болашағына алаңдайды. Жаңа Конституцияда ана мен баланы қорғаудың құқықтық негіздерінің күшейтілуі қуантады. Мемлекеттің балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы және білім алуына жауапкершілігін бекіту – тұрақты қоғамның негізі», – деді Самал Нургалиева.

Сонымен қатар, ол өңірлерде Отбасын қолдау орталықтарының желісін дамыту – уақыт талаптарына сәйкес конституциялық кепілдіктермен бекітілуі тиіс маңызды қадам екенін айтты.

Еске сала кетсек, өңірде таңғы жетіден бастап 760 сайлау учаскесі ашылды, мұнда мыңдаған тұрғындар белсенді аналардың үлгілі ісін қолдай отырып, елдің дамуына өз үлестерін қосуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика