spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
12.2 C
Kokshetau

Көкшетау: Дәріханаларда парацетамол неге жеткіліксіз?

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығындағы тұрғындар коронавирус инфекциясын жұқтырудан қауіптеніп, дәріханалардан вирусқа қарсы дәрілерді талап алып жатқан дерегі белгілі болды, – деп хабарлайды  «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл жөнінде Жантемір Демесінов есімді қала тұрғыны шағымданды.

Бірнеше дәріханаларға бардым, парацетамол басқа ад ауруға қарсы препараттарды іздеп таба алмадым. Тіпті, кәдімгі дене қызуын өлшейтін қызуөлшегіштің өзі табылмады. Бұл сұмдық қой. Осыған дейін бетперде іздеп тентіреп, болмағасын қолдап жасап тіккенбіз. Енді дәрі болмаса қайтпекпіз? Халық тағы да бір дүрбелеңге түсетін болды, – дейді Жантемір Демесінов.

Ал дәріханадағы фармацевтердің айтуынша, қауіптенетіндей ешнәрсе жоқ. Дәрі сатушысы Айдана Акбарованың айтуынша өзі жұмыс істейтін дәріханада дәрі қоры жеткілікті. Әзірге дәріден тапшылық болмайтынына сенімді.

Вирусқа қарсы дәрілер бүгін ғана таусылып қалды. Жақында ғана барлығы қорымыз қайта толығады. Алаңдауға еш негіз жоқ, – Айдана Ақбарова.

Бұл мәселені тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық қызмет мәселелер жөніндегі басшының орынбасары Владислав Зимовтан сұрастырдық. Ведомство қызметкері қалаға парацетамол дәрісін жеткізуге қиындықтар туып отырғанын жоққа шығармайды.

Дәріханаларда дәрілер бар. Бірақ қоймаларда дәрі-дәрмек әзірге таусылған. Өйткені, дәрі-дәрмек әкелетін көтерме саудагерлерде парацетамол дәрісін жеткізуде қиындықтар туындап отыр. Жалпы облыста жеткізу жолға қойылған. Әзірге Елорда мен Алматы сияқты дәрі тапшылығы бізге жеткен жоқ. Халықтың өзі дүрбелең туғызып бір-ақ сәтте дәрі-дәрмектерді сатып алып қойды. Ал, негізгі дәрі жеткізушілер Алматыдан қажетті препараттарды әкеліп үлгермеді. Дәріханалар емдік дәрі-дәрмектерді өздері сатып алады. Біз олардың қаншалықты сатып алатынын реттей алмаймыз. Өйткені, олар дербес шаруашылық субъектілері болып табылады, – дейді Владислав Зимов.

Осыған дейін бірнеше республикалық бұқарат ақпарат құралдарында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында да дәрілердің тапшы болып жатқаны хабарланған еді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img