spot_img
Жұма, Наурыз 13, 2026
1.2 C
Kokshetau

Референдум қарсаңында ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ішкі істер министрлігі 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат таралуы мүмкін екенін ескертіп, азаматтарды тексерілмеген мәліметтерге сенбеуге шақырды.

ІІМ мәліметінше, ел үшін маңызды кезеңдерде ақпараттық кеңістікте қоғамды адастыруға бағытталған фейк хабарламалар мен әдейі жасалған ақпараттық вбросстар жиі пайда болады.

Департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуы жалған контент жасауды бұрынғыдан да жеңілдеткен.

«Бүгінде цифрлық технологиялар мен генеративті жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау және тарату әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақыт ішінде шынайы көрінетін, бірақ адамдарды жаңылыстыратын материалдар жасалуы мүмкін», – деді Шыңғыс Алекешев.

Министрлік көрінеу жалған ақпарат тарату заңға қайшы екенін еске салды.

«Көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған. Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», – деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ ведомство күмәнді ақпаратты әрі қарай таратпауға шақырды.

«Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер, оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады», – деді ол.

ІІМ референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

«Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, заң аясында қатаң қаралады. Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер», – деп қорытындылады Шыңғыс Алекешев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының коалиция мүшелері музей ұжымымен кездесу өткізді

Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңызын кеңінен талқылау...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика