spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
0.2 C
Kokshetau

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа тұрғын үйден 125 пәтердің кілті берілді.

«Бүгін көптеген отбасы үшін маңызды әрі көптен күткен күн. Тұрғын үйге қол жеткізу – өмірдегі жаңа кезеңнің басталуы. Жаңа үй – жаңа мақсаттар мен табысты болашақтың кілті. Жыл басынан бері Сандықтау, Бурабай, Бұланды, Зеренді аудандарында, сондай-ақ Қосшы қаласында да азаматтарға пәтерлер берілді», – деп атап өтті өңір басшысы қоныс иелерін құттықтау барысында.

Жаңа пәтерлер көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға, жетім балаларға және мемлекеттік қолдауды қажет ететін басқа да азаматтар санатына берілді.

Сарыарқа шағын ауданынан пәтер алғандардың бірі – жеті бала тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегері Гүлмира Ракушова. Көпбалалы отбасы тұрғын үй кезегінде 10 жыл тұрған.

«Біз сияқты көптеген отбасылар өз баспанасына қол жеткізгеніне алғысымыз шексіз. Берілген баспана – ертеңгі күнге деген сенім және балаларымыз үшін жаңа мүмкіндіктер», – деп әсерімен бөлісті Гүлмира Ракушова.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс елдің солтүстік және орталық өңірлері арасында тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша көшбасшылардың бірі атанды. Өңірде шамамен 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 6 658 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 1 087 әлеуметтік осал санаттағы отбасы бар. Соның ішінде Көкшетау қаласы бойынша 361 отбасы тұрғын үй алды.

Биылғы жылы өңір жоғары құрылыс қарқынын сақтауды жоспарлап отыр – 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

 Целиноград ауданында өмір сапасын арттыруға бағытталған пилоттық жоба қорытындыланды

«Аманат» партиясы мен Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ кәсіпкер Вячеслав Кимнің AÑSA жеке қорының қаржылық қолдауымен Ақмола облысының Целиноград...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика