spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
0.2 C
Kokshetau

 Көкшетауда студент жастар референдум жайында ашық пікір білдіруге мүмкіндік алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Жоғары техникалық колледжде студенттер мен оқытушылар үшін маңызды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Білім ордасына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері және әлеуметтанушы Юлия Владимировна Кучинская, сондай-ақ «Аманат» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақманат Ақниетовна Әлімбетова арнайы келіп, жастармен еркін форматта әңгіме өрбітті.

Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі мүмкін өзгерістер және алдағы референдумның маңызы болды. Қонақтар ұсынылып отырған түзетулердің мәні туралы айтып, мұндай шешімдердің ел дамуына әсері мен әрбір азаматтың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын түсіндірді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Студенттер мен жас педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарын еркін қойып, пікір алмасуға белсенді қатысты. Әсіресе Конституцияға енгізілетін өзгерістердің қоғам өміріне ықпалы, жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлі туралы сұрақтар көп болды. Қонақтар әрбір сауалға жан-жақты жауап беріп, пікірлерін ашық бөлісті.

Кездесу соңында колледж басшысы Ақнұр Еслямова келген қонақтарға студенттермен ашық әрі мазмұнды әңгіме өткізгені үшін алғыс білдірді. Ол жастарды ел өміріндегі маңызды оқиғалардан тыс қалмай, алдағы референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулер жастардың елдегі қоғамдық-саяси үдерістерді тереңірек түсінуіне жол ашады. Сонымен қатар олар өз көзқарасын білдіруге, маңызды мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік алады.

Осылайша, Көкшетауда өткен бұл кездесу мемлекеттік билік өкілдері мен ел болашағына бейжай қарамайтын жастар арасындағы мазмұнды әрі пайдалы диалог алаңына айналды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика