spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «Заң мен тәртіп» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы №20 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Зияткерлік сайысқа қала мектептерінен қазақ тіліндегі 16 және орыс тіліндегі 13 лига қатысып, өзара бақ сынасты.

Турнир барысында қатысушылар өздерінің ораторлық шеберліктерін, логикалық ойлау қабілеттерін және тапқырлықтарын көрсетіп, қоғам үшін өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім аға прокуроры Мұқанова Ақерке Сайлауқызы, сондай-ақ Көкшетау қаласы полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нысанбай Ескендір Бекболатұлы қатысты.

Қонақтар жастардың құқықтық мәдениеті мен қоғамдық-саяси белсенділігінің жоғары деңгейде екенін атап өтіп, пікірсайыс алаңы жас буынның сыни ойлауын дамытуда, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізуге үйретуде маңызды рөл атқаратынын айтты.

Турнир «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Пікірсайыс қозғалысының өкілі: «Референдум – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі»

Пікірсайыс қозғалысының белсенді мүшесі Әділет Сембі референдум қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын маңызды демократиялық құрал екенін айтты. Оның...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика