spot_img
Жексенбі, Маусым 14, 2026
22.4 C
Kokshetau

Көкшетау қаласының ардагерлері референдумді қолдайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Белсенді ұзақ өмір орталығында ардагерлермен кездесуде өңір басшысы Марат Ахметжанов референдум өткізудің тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді және ел болашағына әсер ететін шешімдер қабылдауда әрбір азаматтың қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Конституция – бұл тек Негізгі заң ғана емес. Бұл Тәуелсіздігіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бұл – Қазақстанның болашағы қандай болатынын айқындайтын құжат. Әр адамның дауысы – біздің азаматтық ұстанымымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Біз таңдаған жолымыз арқылы мемлекетіміздің қандай болатыны анықталады, балаларымыз бен немерелеріміздің қандай елде өмір сүретіні соған байланысты. Сондықтан ешкім бейқам қалмауы керек», – деп атап көрсетті Марат Ахметжанов.

Ардагерлер пікір алмасуға белсенді қатысты, өз көзқарастарымен бөлісті және референдум өткізуді қолдады, өз ойларын білдірудің қажеттілігін атап өтті.

«Ақмолалықтар әрдайым жоғары азаматтық жауапкершілігімен және бірліктігімен ерекшеленген. Біздің өңір – тұрақтылықты, дамуды және қоғамдық келісімді бағалайтын белсенді өмір ұстанымы бар еңбек адамдары. Біз өмірімізді, барлық білімімізді қалалар мен ауылдардың дамуына арнадық, сондықтан елімізде осындай ауқымды саяси оқиғалар болып жатқанда бейқам қалу мүмкін емес», – деді Абай Мырзахметов атындағы университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Дүсенбаев.

Кездесудің соңында әкім ардагерлерге белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, олардың референдумдағы қатысуы жастар мен облыс

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика