spot_img
Сейсенбі, Наурыз 10, 2026
-22.8 C
Kokshetau

«Макинск жылу оқшаулау зауыты» ЖШС ұжымы референдум өткізуді қолдайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұланды ауданында «Макинск жылу оқшаулау зауыты» ЖШС еңбек ұжымы алдағы жалпыхалықтық референдумды қолдайтынын білдірді. Өңірдің индустриялық дамуына елеулі үлес қосып отырған өнеркәсіп кәсіпорнының қызметкерлері отандастарын бірлік танытып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Зауыт қызметкерлері конституциялық реформалар экономикалық өсімге берік негіз қалыптастырып, заң үстемдігін нығайтады деп сенеді. Ұжымның пікірінше, саяси жүйені жаңғырту өндіріс саласының дамуына қатысты өзекті мәселелерді тиімді шешуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның ұстанымын білдірген «Макинск жылу оқшаулау зауыты» ЖШС басшысы Никита Захаренко:
«Біздің өндіріс сапа мен жауапкершілік қағидаттарына негізделген. Бүгінде елге тұрақтылықты қамтамасыз ететін және баршаға әділ жағдай жасайтын жүйелі өзгерістер қажет екенін түсінеміз.

Біз референдумды қолдаймыз, өйткені бұл – болашаққа салынған инвестиция әрі қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары үшін ертеңгі күнге деген сенім. Әр азамат өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік танытатын кезең келді», – деді Никита Захаренко.

Зауыттың еңбек ұжымы мықты мемлекетті тек жасампаз еңбек пен бірлік арқылы құруға болатынын атап өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерінің азаматтық борышын орындап, дауыс беруге қатысуға толық дайын екендерін жеткізді.

Ұжымдық үндеуде өнеркәсіп саласы өкілдерінің әрбір дауысы жаңарған Қазақстанның дамуына және Бұланды ауданының өркендеуіне қосылған маңызды үлес болатыны айтылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су үнемдеу технологиялары арқылы былтыр 874 млн текше метр су үнемделді – министрлік есебі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мәселелері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика