spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
-2.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында референдумға дайындық: сайлау учаскелерінің қолжетімділігі толық қамтамасыз етілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету – сайлау комиссиялары жұмысының басым бағыттарының бірі. Референдумға дайындық аясында өңірде мүгедектігі бар адамдар мен дауыс беру кезінде арнайы жағдайды қажет ететін өзге де азаматтар үшін сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Облыстық аумақтық комиссияның мәліметінше, дауыс беру күні өңірде 760 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 700 азаматтардың тіркелген жері бойынша, ал 60 уақытша болатын орындарда ашылады.

Сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жағдайды қажет ететін азаматтар туралы мәліметтер нақтыланған.

Облыстық референдум комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың айтуынша, өңірде 2772 мүгедектігі бар азамат бар. Оның ішінде 881 адам арбамен қозғалады, 700 адамның есту қабілеті бұзылған, 1191 адамның көру қабілетінде қиындық бар. 29 адам Брайль қарпін меңгерген. Дауыс беру күні мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси мен сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді. Барлық учаскелер осы санаттағы азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталған.

Облыс орталығында да дайындық жұмыстары толық көлемде жүргізілуде. Қалалық референдум комиссиясының хабарлауынша, Көкшетау қаласындағы 79 учаскенің барлығында сайлаушылардың кедергісіз кіруіне жағдай жасалған.

Көкшетау қалалық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Алмагүл Әленованың айтуынша, учаскелерде мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыштар жабдықталған. Онда компьютерлер, құлаққаптар, қосымша жарықтандыру және үлкейткіш құрылғылар бар. Конституция жобасының мәтіні аудио сүйемелдеумен орналастырылған. Сондай-ақ бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға арналған Брайль қарпіндегі трафареттер мен аудионұсқаулықтар қарастырылған.

Сонымен қатар мекенжайлық жұмысты тиімді жүргізу үшін электронды деректер базасы қалыптастырылған. Сайлау учаскелері орналасқан нысандар Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілуде. Қазіргі уақытта 79 учаскенің 63-і картаға енгізілген.

Облыс бойынша республикалық референдумға қатысу құқығына 511 183 азамат ие. Халықты ақпараттандыру мақсатында 20 call-орталық пен 109 бірыңғай нөмірі жұмыс істейді. Мұнда дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпарат алуға болады.

Сондай-ақ облыс әкімінің ресми сайтында «Өзіңді тексер» онлайн-сервисі және «АкмолаСайлауБот» Telegram-боты іске қосылған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Республикалық референдум: ЖСН арқылы сайлау учаскеңізді анықтаңыз

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға сайлау учаскелерін анықтау үшін «ЖСН арқылы дауыс беру үшін өз сайлау учаскесін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика