spot_img
Дүйсенбі, Наурыз 2, 2026
-5.8 C
Kokshetau

2026 жылғы 15 наурыздағы референдум: тіркелген жерінен тыс жерде қалай дауыс беруге болады?

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға байланысты тіркелген жерінен тыс жерде болатын азаматтарға дауыс беру тәртібін түсіндірді.

Комиссияның мәліметінше, егер азамат дауыс беру күні өзінің тіркелген мекенжайынан тыс жерде болса, ол алдын ала есептен шығару куәлігін ала алады. Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Осыдан кейін комиссия есептен шығару куәлігін табыс етеді.

Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Бұл ретте сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.

Комиссия өкілдері есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда оның қалпына келтірілмейтінін және телнұсқасы берілмейтінін ескертті.

Сонымен қатар, бір елді мекен шегінде орналасқан басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді.

Дауыс беру күні азамат өзі болатын жердегі учаскеге барып, есептен шығару куәлігін көрсетуі тиіс. Осыдан кейін учаскелік комиссия оны дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.

Қосымша ақпаратты азаматтар өз елді мекенінің әкімдігінің call-орталығы арқылы ала алады.

Орталық референдум комиссиясы әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар есептен шығару куәлігін пайдалана алады

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар тіркеу орны бойынша емес, өзіне ыңғайлы кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика