spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Атбасар ауданында тұңғыш рет толық мемлекеттік тілде жұмыс істейтін балабақша ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында тәуелсіздіктің 29 жылында тұңғыш рет толық мемлекеттік тілде жұмыс істейтін 140 орындық балабақша ашылады,-деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігінің тілшісі. Бұл жайында аудан әкімі Аманбай Қалжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз жиынында айтты.

«SABA-16» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен Атбасар қаласында жалпы құны 153 миллион теңге болатын балабақша ғимаратын қайта жаңарту жүргізілуде, оны 2020 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр,-дейді аудан әкімі Аманбай Қалжанов.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру 100 пайызға қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бюджет қаражатымен мектептерге толықтай бейнебақылау орнатылған.

Аудан әкімінің сөзіне сәйкес, былтырғы жылы облыстық бюджеттің 33,3 миллион теңгесі ауыл мектептерін қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарына жұмсалған.

Айта кетерлігі өткен жылы ауданға қарайтын ауылдардағы 7 бірдей білім беру ошақтарының жылу қазандығы толықтай ауыстырылып, бұл мақсатқа 15 миллион теңге жұмсалған.

2020 жылы Сочи орта метебін, Бастау ауылындағы №2 орта мектебін және №1орта мектептің хоккей кортын және спорт алаңын, сонымен қатар басқа да 4 мектеп пен 2 балабақшаны жөндеу көзделіп отыр. Бұл жұмыстар үшін облыстық бюджеттен 143 миллион теңге қаражат бөлінді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img