spot_img
Сейсенбі, Тамыз 4, 2026
19.8 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы: Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші

Сондай-ақ...оқыңыз

-Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз.

Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше.

Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек.

Жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдадық. Айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажет,-деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дауыс үшін тартыс жалғасуда: партиялар не ұсынып отыр?

Бірі таңғы жүгіруге шықса, енді бірі қоғамдық тыңдау өткізіп, ауыл-аймақты аралап жүр. Ал кей партиялар кәсіпкерлердің мәселелерін талқылап, ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика