spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
4.2 C
Kokshetau

Тұтынушының моральдық зиянды өтеу құқығы

Сондай-ақ...оқыңыз
Тауарлар немесе қызметтер сатып ала отырып, тұтынушы тиісті сапа мен құрметті қатынасты күтуге құқылы. Алайда іс жүзінде оның құқықтары бұзылатын жағдайлар кездеседі: мысалы, сапасыз тауарды сату, ақшаны қайтарудан бас тарту немесе жалған ақпарат беру. Мұндай жағдайларда азамат тек материалдық шығынды ғана емес, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуге де құқылы.
Моральдық зиян дегеніміз не?
Моральдық зиян – бұл адамның заңды құқықтарының бұзылуы салдарынан туындайтын тәндік және рухани азаптар. Бұған стресс, көңіл күйдің бұзылуы, уақыттың зая кетуі, қадір-қасиеттің тапталуы және басқа да жағымсыз салдарлар жатады.
Моральдық зиянды өтеу қалай реттеледі?
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 21-бабында моральдық зиянды өтеу:
• сот арқылы немесе тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерімен (мысалы, медиаторлар немесе арбитраж орталықтары) заңнамада көзделген жағдайларда айқындалуы мүмкін;
• материалдық шығынды өтеуден тәуелсіз төленеді. Яғни, тұтынушы әрі шығынын, әрі моральдық зиянды өтеуді ала алады;
• азаптардың сипатына және олардың туындаған жағдайларына байланысты белгіленеді. Адамның жеке ерекшеліктері де ескеріледі — біреу үшін болмашы жағдайдың өзі елеулі күйзеліске айналуы мүмкін.
Сотқа дейінгі тәртіпте қашан өтелуі мүмкін?
Заңға сәйкес, моральдық зиян сотқа дейінгі тәртіпте өтелуі мүмкін, бірақ тек екі тараптың — тұтынушы мен сатушының (немесе қызмет көрсетушінің) келісімі болған жағдайда.
Бұл тұтынушы үшін неге маңызды?
Моральдық зиянды өтеу құқығы азаматтарды қорғауды күшейтеді: сатушылар мен қызмет көрсетушілер құқық бұзғаны үшін тек материалдық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге моральдық зиянды өтеуге де міндетті болатынын түсінеді. Бұл бизнеске өз міндеттеріне неғұрлым жауапкершілікпен қарауға түрткі болады.
Осылайша, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 21-бабы тағы бір маңызды кепілдікті бекітеді: азаматтың құқықтары бұзылған жағдайда ол тек ақшасын қайтарып алуға немесе кемшіліктерді жоюға ғана емес, сонымен қатар келтірілген азап үшін әділ өтем алуға да үміттене алады.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Право потребителя на возмещение морального вреда

Приобретая товары или услуги, потребитель вправе ожидать надлежащее качество и уважительное отношение. Однако на практике случаются ситуации, когда его...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика