Президент мұғалімнің еңбегі соған сай лайықты бағалануға тиіс екеніне тоқталды.
– Қазір білім нарығында бәсеке күшейді, көптеген жастарымыз ұстаз болуға ұмтылып жатыр. Әсіресе, мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектердің арасында мұғалімдік жолын таңдағандар көп. Бұл – өте жақсы үрдіс. Мемлекет мұндай азаматтарды әрдайым қолдайды. Биыл мұғалімдер даярлау үшін 13 мыңнан астам грант бөлінді. Бұл – еліміздегі барлық гранттың бестен біріне жуығы деген сөз. Жалпы, білім беру саласында жүйелі жұмыс істеліп жатыр, нәтижесі де жақсы деп айтуға болады. Мысалы, былтырдан бері мыңнан астам оқушы түрлі пәннен халықаралық білім сайысында жеңімпаз атанды. Бұл – ұстаздардың белсенді жұмысының жемісі, дарынды жастарымыздың табанды еңбегінің нәтижесі. Мен тамыз айында олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Ақордаға шақырып, оларға арнайы сертификаттар табыстадым. Бұл дәстүр жалғасын табады, – деді Президент.