spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

«Ардагер өсиеті» капсуласы Қосшыда қабылданды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қосшы қаласында маңызды әрі тағылымы мол шара өтті. Қала тұрғындары мен жастар «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафонының эстафетасын Қостанай облысынан қабылдап алды.

Бұл бастама Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – соғыс жылдарының қиындығын өз көзімен көріп, тылда еңбек еткен ардагерлердің жазып кеткен өсиетін жас ұрпаққа жеткізу. Ардагерлердің өнегелі сөздері арқылы жастарды отансүйгіштікке, батырлықты құрметтеуге тәрбиелеу көзделген.

Іс-шара барысында Қосшы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабдылар Көпжасарұлы Абаков, Қостанай өңірінен келген делегация өкілдері, сондай-ақ облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысып, марафонның маңыздылығына тоқталды.

«Ардагерлеріміздің өнегесін дәріптеу жастардың рухын көтеріп, елге деген сүйіспеншілігін арттырады. Жеңіс жолындағы ерлік ешқашан ұмытылмайды», деді шараға қатысушылар.

Жастарға табысталған капсула бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлердің аманаты. Алдағы уақытта бұл эстафета Қарағанды облысына жол тартады.

«Ардагер өсиеті» марафоны тарихымызды дәріптеп, өткенді құрметтеудің айқын көрінісі. Мұндай игі дәстүрлер арқылы жас буын елін, жерін сүйетін, өткеннің өнегесін бағалайтын азамат болып қалыптасатыны сөзсіз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика