spot_img
Бейсенбі, Тамыз 14, 2025
14 C
Kokshetau

Ақмола облысында еңбек құқықтарын сақтау және өндірістегі қауіпсіздікке бақылау күшейтілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жылы Ақмола облысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өңір кәсіпорындарында еңбек жағдайларын жақсарту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Ерекше назар жалақыны уақытылы төлеу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне аударылып отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Жыл басынан бері облыстағы 165 кәсіпорын мен ұйымға тексеру жүргізіліп, 183 құқық бұзушылық анықталды. Олардың басым бөлігі еңбек қатынастарына қатысты. Жұмыс берушілерге 112 нұсқама беріліп, 60 лауазымды және заңды тұлғаға жалпы сомасы 8,7 млн теңгеден асатын әкімшілік шаралар қолданылды.

Мониторинг барысында 41 кәсіпорында 577 қызметкерге 295,3 млн теңге көлемінде жалақы берілмегені анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қарыздың негізгі бөлігі — 276,4 млн теңге өтелді. Дегенмен, 1 тамыздағы жағдай бойынша екі ұйым 14 қызметкерге 18,9 млн теңге қарыз, ал тағы 12 кәсіпорынның қарыз істері жекеменшік сот орындаушылардың өндірісінде тұр.

Өндірістік жарақаттану мәселесі де инспекция назарында. Жеті ай ішінде өңірде 24 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, 31 адам зардап шеккен, олардың үшеуі қайтыс болған. Негізгі себептер — еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, жұмыс процесін ұйымдастырудағы кемшіліктер және жеке қорғаныс құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етпеу.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін инспекторлар жұмыс берушілер мен қызметкерлерге арналған семинарлар мен оқыту шараларын өткізуде, еңбек қауіпсіздігі бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізіп, «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы мен «Халықтық бақылау» жобасын дамытып келеді.

Тамыз айындағы мәлімет бойынша, облыстағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 93,9%-ында ұжымдық шарттар жасалған. Әлеуметтік және еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде: 154 мыңнан астам электрондық еңбек шарты тіркелген.

Өңірде қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін арттыру және еңбек қауіпсіздігі жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жастар күнінде облыс орталығында ауқымды шаралар өткізілді

Көкшетау қаласының «Қопа» көлінің жаңа жағалауында Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында open air форматында мерекелік жастар іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика