spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда жеке куәлігін жоғалтқан адам 300 мың теңге «несие алды»

Сондай-ақ...оқыңыз

Құжатын жоғалту оқиғасы Біржан сал ауданының Қызыл Ұйым ауылының тұрғынына 300 мың теңге қарызға айналып шыға келді.Төлқұжатты тауып алған адам Көкшетау қаласының сауда үйлерінің бірінен 300 мың теңгеге тауарлық несие рәсімдеген, – деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция күдіктіні тек бес айдан кейін ғана іздеп тапты. Ауыл тұрғыны полиция басқармасына осы жылдың 20 ақпанында арыз берген.

41 жастағы ер адамның айтуынша, жеке куәлігін жоғалтқан күннен бірнеше күн өткен соң белгісіз біреулер оның атына тауарлық несие рәсімдеп, ұялы телефон сатып алған. Белгілі болғанындай, несие рәсімдеген азамат тауарды алу үшін жоғалған жеке куәлікті қолданған. «Су жаңа гаджеттің» иесі атанғанын ауыл тұрғыны банктен төлем тәртібі туралы білу үшін хабарласқан кезде бір-ақ білген. Сол тұста ғана ол жоғалған куәлігінің мойнына 300 мың қарыз болып қайтқанын түсініпті. Аталған факт бойынша полицейлер Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 тармағына сәйкес «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірнеше ай бойы тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырған. Нәтижесінде осы жылдың 16 маусымында күдікті адам анықталды. Ол Щучинск қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Жеке куәлік тауып алып, сауда орнынан «су жаңа» телефонды рәсімдеуді жөн деп тауыпты – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Қазіргі уақытта күдікті азамат аталған іс бойынша өз кінәсін толығымен мойындап, түсінік берді. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Полицейлер құжаттар мен дербес деректердің, құжаттар деректемелерінің сақталуына аса мән беруді сұрайды. Ешқашан өз жеке куәліктеріңіздің көшірмесін, банк карточкаларының көшірмелерін түрлі мессенджерлермен жібермеңіздер. Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыздар аталған факт туралы дереу полицияға хабарлаңыздар, – деді полицияның баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img