spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 6, 2026
19.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданына жұмыс сапармен барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы Прохоро-Колоколов су қоймасының жағдайымен танысты. Қазіргі уақытта бөгет қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Байсуат ауылына су тасқынының жолын кесу мақсатында облыс әкімі айналма арнаны кеңейтуді тапсырды. Бұл жұмыстарға 7 камаз жүк көлігі мен 2 жүктегіш техника жұмылдырылған.

Вознесенка және Журавлевка ауылдарында су басу қаупі жоқ. Даладағы еріген қар суы табиғи арналар – Боқсұқ, Қайрақты және Мат өзендері арқылы өтіп жатыр.

Сондай-ақ Ақмола облысының әкімі Иванковка ауылындағы жағдаймен де танысты. Мұнда су аумақ ауыл тұрғындары тұрмайтын көше бойында жиналған. Барлық отбасылар қауіпсіз жерлерге көшірілген. Бұған дейін су тасқыны салдарын жою аясында жаңа тұрғын үйлер салынған болатын.

Журавлевка ауылында облыс әкімі Бұланды және Астрахан аудандарының әкімдерімен, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді. Капитоновка мен Журавлевка ауылдарының әкімдері өз елді мекендеріндегі жағдай жөнінде баяндама жасады. Қазіргі таңда Боқсық өзенімен су қалыпты ағып жатыр, өзен бойында мұз кептелістері бар, бұл учаскелерде жару жұмыстары жүргізілуде.

Макинск қаласында еріген қар суы арық жүйесі арқылы ағуда. Алайда қар мен жаңбыр түрінде түскен мол жауын-шашын салдарынан кей жерлерде арықтардан су тасып кеткен. Қазір жағдай тұрақталып келеді.

Су тасқынының алдын алу мақсатында еріген қар суын сору, бұру және инертті материал салынған қаптар төсеу жұмыстары атқарылуда.

Жалпы Бұланды ауданындағы су тасқынына қарсы шараларға 85 адам, 28 инженерлік және су сору техникасы, 34 мотопомпа және 1 жүзу құралы тартылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. "Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика