spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Елордалық дәрігер Көкшетаудағы анасына вирус жұқтырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас дәрігері Сүлен Илиясов КВИ-нан қайтыс болған 2 адам туралы толығырақ мәлімет берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Өткен тәулікте Көкшетау тұрғындары 68 жастағы әйел мен 43 жастағы ер адам қауіпті вирустан көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі айтып өткендей, екеуінің де жағдайлары өте ауыр болған.

Марқұм әйелдің вирус жұтыруына Нұр-Сұлтан қаласынан келген туыстары себеп болған.

Айтылған ресми емес ақпарат көздеріне сенсек, 68 жастағы әйелге Covid-19 астанада дәрігер болып істейтін ұлынан жұққан. Белгілі болғандай, бірнеше күн бұрын үйдің отағасы ауыр науқастан қайтыс болып, жаназа рәсімі өткізілген. Ол созылмалы жүрек ауруынан қайтыс болған. КВИ-на тапсырылған тест нәтижесі теріс нәтиже көрсеткен.

Спикердің сөзінше, марқұмның ұлы қазіргі уақытта вирус жұқтырғандықтан ем-дом алуда, ауруы асқынып, жағдайы қуантарлық емес.

Қайтыс болғандардың екеуінің де жаназасында  барлық алгоритмдер сақталды,-деді спикер өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін өңірде вирус жұқтырғандардың саны 195-ке жетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img