spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Жаңа қаулыдағы карантин талаптары қандай?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантидік талаптар күшейді. Өңірдің бас санитар дәрігерінің 2020 жылдың 14 маусымдағы  N 73 қаулысына сәйкес бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыс уақыты шектетілді,-деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі.

Бас санитар дәрігердің қол қойған қаулысында аса қажеттілік болмаған жағдайда 65 жастан асқандар мен 14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің қарауылдауынсыз далаға шығуға рұқсат етілмейді делінген.  

Сонымен қатар кез келген отбасылық мереке, той, туған күнді қоғамдық ортада өткізуге тиым салынады.

Қайтыс болған адамның жаназасына 10 адамнан артық қатыстырылмайды. Оның өзінде әлеуметтік дистанция сақталып, 2 метр арақашықтық сақталуы тиіс.

Сол сияқты, спорттық іс шаралар, форумдар, көрмелер өткізілмейді. Кинотеатрлар мен саябақтар, ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылды.

Мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істейді.

Азық-түлік және шаруашылық заттарын сататын дүкендердің жұмысы 08.00-ден 21.00-ге дейін.

Аумағы 2000 шаршы метр болатын азық түлік емес өнімдер сататын дүкендер 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері 15.00-дейін ғана ашық болады.

Ал базарлар оннан күндізгі төртке дейін ғана істейді. Сенбі-жексенбі снитарлық тазалық күндері болып белгіленді.

Сауналар мен моншалардың да жұмыс уақыты оннан кешкі сегізге дейін бекітілді. Онда бір мезетте 5 адамнан артық тұлғаға қызмет көрсетілмейді.

Қоғамдық көлік таңғы алтыдан онға дейін және кешкі  бестен тоғызға дейін жолаушыларды  тек орын санына байланысты тасымалдайды.

Такси қызметі түнгі онға дейін, 2 адамнан артық  тасымалдауға тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтану орындары  қатаң санитарлық талаптарды сақтауға тиіс және  арақашықтық дистанция  2 метр болатын 30 орындықтан аспайтын болуы шарт.

Жағажайы бар туристік демалыс орындары жобалық қуатының 50 пайызын ғана пайдаланып, қабылдай алады. Бассейндер тоғыздан кешкі 7-ге дейін алдын ала жазылғандарға ғана қызмет көрсетеді.

Өңірдегі барлық қоғамдық және әлеуметтік нысандар үшін дезинфекциялық іс шараларды жүргізудің алгоритмдері бекітілді. Қауіпті вирустың алдын алу үшін өңір тұрғындары мен әлеуметтік нысан қызметкерлері талаптар мен қатаң тәртіпті сақтауы маңызды …

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img