spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-6.8 C
Kokshetau

СІЗДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРМАҒАН ТАУАРДЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА НЕМЕСЕ  АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ?

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаншалықты жиі кездесетін жағдай, сіз дүкеннен қалаған затыңызды сатып алып, үйге келген соң оның игілігімен рахаттануға дәмеленесіз, ал ол жұмысты істемейді. Мұндай оқиға өнімдерді сатып алған жағдайларда болады. Мысалы, қаптамасын ашқан кезде Сіз тауардың бұзылғанын байқадыңыз. Мұндай жағдайларда не істеу керек? Бәрін сол қалпында  қалдыру керек пе? Ал мұны Заң тұрғысынан.

-Мысалы,Сіз кепілдік мерзімі бар  электр  үтігінісатып алдыңыз, оны дүкенде  тексердіңіз.

Кешкежұбайыңыздың  шалбарын  үтіктеп беруге  кірістіңіз, нәтижесіндешалбардұрыс үтіктелмей сол  күйінде қалады,өйткенібуменүтіктеурежимі  істемейді екен.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес    тиісті емес спадағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы  (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:

1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;

2) тауардағы кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы. Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша  сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін;

3)  тауардағы кемшіліктерді  жоюға жұмсаған өз  шығыстарын өтеу;

4) ұқсас маркалы тауарға (модельге, артикулға)  тауарға ауыстыруды;

5) сатып алу бағасын тиісінше  қайта есептей отырып, басқа маркадағы (модельдегі, артикулдағы) осындай тауарға ауыстыру;

6)шарттыбұзужәнетауар үшін төленгенақшалай  соманықайтаруды талап етуге құқылы.

Келесі күні Сіз дүкенге  қайтадан барып, үтікті  тексеріп, бу режимі шынымен жұмыс істемейтініне көз жеткіздіңіз.

Сатушытексеружүргізуүшінсервистіккомпанияғажүгінудіұсынады.

Бұл жағдайда Сатушы  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы». ҚР Заңының 30-бабының 2-тармағына сәйкес әрекет етті. Тұтынушы тауардан  кемшіліктер тапқан жағдайда сатушы  (дайындаушы) – оны дереу ауыстыруға, ал сатушының (дайындаушының) тауар сапасын қосымша тексеруі қажет болған кезде тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.

Сервистік компанияда тексеруден кейін жөндеуге жатпайтын зауыттық ақау бар  екені  туралы акт жасалынды. Актіні тұтынушы актіні сатушыға тапсырды, ол онымен танысып басқа маркалы үтік ұсынды, бірақ тұтынушыға онда бу  режимнің болмауына байланысты ұсынылған  үтік ұнамады делік.

Заңның 29-бабының 4-тармағына сәйкес,  егер сатушыны (дайындаушыны,

орындаушыны) тауарды сатып алудың  (жұмысты орындаудың қызметті көрсетудің)   нақты мақсаттары туралы хабардар етсе, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға тиісті  сападағы, осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауарды беруге (жұмысты  орындауға, қызметті көрсетуге) міндетті.

Тұтынушы ақшаны қайтаруды талап етеді, алайда сатушы ақшаны қайтарудвн бас тартты.

Бұл жағдайда тұтынушы ҚР Заңының 42-4 бабының тәртібінде  Тұтынушы  сатушыға шартты бұзуға  және тауарға төленген соманы қайтару туралы жазбаша шағым жазады.

Шарттыбұзған  кезде  тұтынушыменесепайырысу тауардың бағасы көтерілген жағдайда – оның  шарттыбұзған кездегі бағасының негізінде, ал бағасы төмендеген жағдайда тауардың сатып алу кезіндегі бағасының негізінде жүргізіледі.

Шағымды алған соң Сатушы кешірім сұрап, үтіктің ақшасын қайтарып береді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img