spot_img
Сейсенбі, Қараша 26, 2024
-8.4 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов Бұланды мен Ақкөл тұрғындарын жеке қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

2024 ЖЫЛДЫҢ 31 ҚАЗАН КҮНІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ ҚАТАР ЖАТҚАН БҰЛАНДЫ ЖӘНЕ АҚКӨЛ АУДАНДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ.

Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ:
«Әкімдер ауылдардың әр адамдарын білулері керек. Әр адамның жағдайы мен мүмкіндігін, қабылетін білулері керек. Әр адамды жұмыспен қамтамасыз ету үшін әр адаммен жұмыс істеу керек!»
* * *
БҰЛАНДЫ. (31 ҚАЗАН 2024 ЖЫЛ.)
-Қазір талап басқа! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев не істеуіміз керек бәрін айтып, барлық жағдайды жасап отыр. Мемлекет басшысының сол айтқандары кей жағдайда жергілікті жерлерде жайбарақаттығымыздан, кейде саусағымызды қимылдатқымыз келмей отырған әрекетсіздігімізден орындалмай қалып жатады. Енді бұған жол бермейміз,-деген облыс әкімі Марат Ахметжанов бұландылықтармен кездесу кезінде атқарылған жұмыстан да, қол жеткізген табыстан да алдағы міндеттерге баса тоқталды.
Адалы сол, биылғы орақтың нәтижесі бойынша Бұланды ауданында астықтың жалпы түсімі 390 мың тонна болды. Әр гектардың түсімі – 20 центнер! «Журавлевка» сынды серіктестіктің егістік алқабының әр гектары 50,8 центнерден астық берді!
Әкім бар табысқа масаттанбай, тіпті, былайша айтқанда жан дауысымен экономиканың өсімі халықтың әл-ауқатының жақсаруы екендігін ұғынатын кез келгендігін баса айтты. –Қалай жұмыс істееу керек, қандай бағдарламалар бар, соларды білдіру үшін Көкшетауда барлық деңгейдегі әкімдерінің бастарын қосып, кеңес те өткіздік. Күні кеше Атбасарда тағы да жиналдық. Еліміздің анау батыс аймағындағы облыстардың құм-шағылдардың арасында ірі қалалардан бәленбай шақырым қашықтықта жатқан ауыл адамдары өзара бірлесіп, біреуі сүт, біреуі ет өндіріп, енді бірі малға азық дайындап, сол өнімдерін өз ауылдарында өңдеп, жақсы орамамен сауда орындарына өткізіп жатыр. Тіпті қазар олардың өнімдерін өздері келіп алып кетіп жатқандар да бар. Біз мына тұрған Астананың рыногын дұрыс пайдалана алмай отырмыз!-, деп Марат Ахметжанов ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қажеттігін баса айтты.
Бұл жолы да облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірдің мүмкіндігін толық пайдалану үшін ең әуелі ауылды дамыту қажет деген ойын алға тартты. –Қазіргі уақытта,-деді Марат Мұратұлы -ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жеткілікті деді. Осы орайда «Ауыл аманаты», «Дипломмен – ауылға!» жобалары бар. «Кең дала» бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыру бар екенін де атап өтіп, – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қайтарымсыз субсидиялардың орнына кезең-кезеңімен жеңілдетілген несиелендіру жүйесі дамытылып жатыр. «Қайтарымсыз» дегеннің өзі қаржының, яғни субсидияны жауапсыз жұмасауға әкеліп соғып жүр. Және қайтарымсыз субсидияны қолы жеткендер алады да, олардың біразы бұл қаржы қайтарымсыз болғанннан кейін өз мүдделері үшін жұмсап жіберетіндері де бекер емес. Ендігі арада Жеңілдікпен қаржыландыру тек қана, ауыл шаруашылығын дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалуы керек.
Қазір елімізде ауылды дамытуға бағытталған мемлекттік ТОҒЫЗ бағдарлама бар.
-Солай бола тұра көптеген әкімдер сол бағдарламаларды білмейді ме деп ойлаймын,-деген Марат АХМЕТЖАНОВ ендігі арада сол бағдарламаларды ауылдардың әрбір адамдарына жеке-жеке түсіндіріп, толық айтып, ауыл тұрғындарын іске тарту қажеттігін орынды айтты.
-Әкімдер ауылдардың әр адамын білулері керек. Әр адамның жағдайы мен мүмкіндігін, қабылетін білулері керек. Әр адамды жұмыспен қамтамасыз ету үшін әр адаммен жұмыс істеу керек!,-деген облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ бұл талабы бүгінгі күні өте өзекті әрі өте маңызды талап!
——————————————————–
——————————————————–

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ:
«Талапты күшейтеміз! Бөлінген қаржының әр тиыны қалай жұмсалып жатыр, қайда жұмсалып жатыр оны да қатаң бақылап отырамыз! «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөз бар атам қазақта. Қазынаның қақпағына енді бақылау күшейеді».

АҚКӨЛ. (31 ҚАЗАН 2024 ЖЫЛ.) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ кездесу барысында Ақкөл ауданының облыстың жалпы өнеркәсіп өніміне қосар үлесі өте аз, бар болғаны 0,3 пайыз екендігіне көңілі толмайтыныдығын атап көрсетті.
-Ақкөл ауданының өнеркәсіптік әлеуеті, мүмкіндігі орасан зор және инвестиция тартуға да аса қолайлы аудан. Астана тиіп тұр деуге болады. Темір жол, автобан ол да бар! Соған қарамастан, өнеркәсіп саласында, туризм мен бизнесте тоқыраушылық байқалып отыр,-деген облыс әкімі Марат Ахметжанов ендігі арада ауыл-аймақтарды дамытуға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауды пайдалана отырып, ауданға инвестиция тарту және экономикалық тиімділікті арттыру жолдарын іздестірулері керек екендігін баса айтты,
Әкімдер өз жұмыстарын тезірек қайта қарауы керек. Бизнесмендердің барлық сұрақтары бірден шешіліп отыруға тиісті. Биыл екі жоба ғана жүзеге асырылды да, бар болғаны жеті жаңа жұмыс орны ғана ашылды.
Аймақ басшысы Марат Ахметжанов атап өткеніндей, ауыл шаруашылығының әлеуеті инвестиция тарту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер туғызады, бұл жұмыс орындарын құруға және бюджет түсімдерін арттыруға ықпал етеді, содан барып әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер шешілетін болады.
–Соңғы үш жылда мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу үшін берілетін өтініштердің жыл сайын азаюы байқалады.Тіпті биылғы жылды 2021 жылмен салыстыратын болсақ, олардың саны 26 есеге азайып кеткен. Халық қандай бағдарламалар бар екендігін білмейді немесе жергілікті билікке сенбейді, – деп облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ ауылдық округ әкімдерінің жұмысын сынға алды.
* * *
Бір жолдың бойында орналасқан және мүмкіндіктері де, табиғаты да бірдей деуге болатын Бұланды мен Ақкөл аудандары бойынша атқарылып жатқан істің барын бар, жоғын жоқ деп анық та, ашық айтқан облыс әкімі Марат Ахметжановтың халықтың алдында тұрып есеп беруімен бірге, істелмей жатқан, қолда тұрған бар мүмкіндіктерді пайдалана алмай отырғандыққа қапаланғаны анық.
Әкім осы жолғы кездесуде тағы да халыққа, жергілікті атқарушы орындардың мамандарына Президентіміздің қойып отырған міндеттерін барынша ұғынықты етіп жеткізді.
-Талапты күшейтеміз! Бөлінген қаржының әр тиыны қалай жұмсалып жатыр, қайда жұмсалып жатыр оны да қатаң бақылап отырамыз! «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөз бар атам қазақта. Қазынаның қақпағына енді бақылау күшейеді,-деп Марат Ахметжанов «құрылыс нысандарын салуды екі-үш жылға созудың қажеті жоқ, бұған енді жол бермейміз. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімін созу арқылы, жыл сайын қосымша қаражат бөлу енді мүлдем болмайды. Басталған құрылысты бір жылда бітіріп отыру талап етіледі,-деп осы бір өзекті мәселеген нүкте қойылғандай болды.
«Бәрі де шешіледі, шешілмейтін мәселе жоқ!» Өз сапарын облыс әкімі Марат Ахметжанов осы бір оптимистік оймен аяқтады.
Иә… болмағанды болдыру, толмағанды толтыру ол әрқайсымыздың ел алдындағы, мемлекет алдындағы парызымыз!
* * *
R.S.Халықпен кездесу соңында облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ Бұланды және Ақкөл аудандарының бір топ азаматтарына көктемгі су тасқыны кезіндегі жанқиярлық еңбектері мен қызметтері үшін бағалы сыйлықтар, Алғыс хаттар табыс етті.
Азаматтарды жеке мәселемен қабылдау жүргізді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img