spot_img
Жұма, Шілде 17, 2026
19.7 C
Kokshetau

Бұланды ауданында Балуан Шолақтың туғанына 160 жыл толуына орай қазақ күрестен ашық біріншілік өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық спортымыз қазақ күресін серік еткен жас ұрпаққа үлкен серпіліс беретін дүбірлі додада Алматы, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Өскемен, Астана және Көкшетау қалаларынан келген 30 балуан боз кілемде бақтарын сынады.

«Бүгін міне Балуан Шолақ атамыздың 160 жылдығына Бұланды еліне Павлодар қаласынан күресуге келдім. Жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Барлық балуандарға сәттілік тілеймін» – деді, «Қазақстан барысы» жарысының 3-ші орын жүлдегері Мұхтар Дәлелханұлы.

Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша Астана қаласынан келген, бұған дейін де талай жарыстарда қара үзіп жүрген Олжас Шымкеев 1-ші орынды еншіледі. 2-ші орын алматылық балуан Сахан Әбдіқасымға бұйырды. Ал, жүлделі 3-ші орындарды Қобылан Нұрсұлтан Қостанай облысы және Сейтен Жандос Астана қаласы иеленді. Аудан әкімі Ардақ Дулатұлы Смаилов жеңімпаз жүлдегерлерді марапаттап, 1-ші орын алған балуанға 600 мың теңге ақшалай сыйлық және Балуан Шолақтың 160 жылдығына арнайы жасалған белдігін, 2-ші орын алған балуанға 400 мың теңге көлемінде, 3-ші орындарға 200 мың теңгенің сертификаттарын табыс етті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика