spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
18.3 C
Kokshetau

Ақмола облысының 522 мектебінде тамақпен қамту ұйымдастырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 45 мектеп асханасы сенімгерлік басқаруға берілген. 103 мектепте конкурс бойынша тамақтандырушылар анықталып, штатта аспаздары бар 380 мектеп тамақтандыруды өз бетінше ұйымдастырады деп күтілуде.

468 мектепте ыстық тамақ, 33 мектепте буфеттік тамақтану, 21 мектепте термоспен тамақтану ұйымдастырылады.

 

Ыстық және буфеттік тамақтануды қосқанда облыс бойынша тамақпен қамту 100% құрайды.

2024 жылға облыстық бюджеттен «Жаппай оқыту» қоры үшін, оның ішінде, аз қамтылған отбасылардағы балаларға тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, бастауыш сыныптардың 57 мыңнан астам оқушысын тамақтандыруға жағдай жасалынған.

«Әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 10 544 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды» – дейді Айнагүл Балташева.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика