Жеке кәсіпкер Наталья Коцюба Жақсы ауданының Жаңақима ауылында балаларға арналған ойын алаңын ашпақ, – деп хабарлайды «Aqmola news».
Қазіргі уақыта ғимаратты ойын алаңына айналдыру үшін жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Кәсіпкер өз идеясын жүзеге асыру үшін аумағы 60 шаршы метрді құрайтын оқу-өндірістік комбинат ғимаратын жалға алыпты.
Балалардың балалық шағы бақытты болуы тиіс. Ауыл балалары қысы-жазы баратын, ойнайтын жері болмаған. Қыстыгүні балалармен қалаға бару қиынға соғады. Мұнда кішкентай клиенттерімізге арналған шағын дәмхана мен ойын залы болады. Ойын залы бір жастан он екі жасқа дейінгі балаларға арналған. Батут, түрлі ойыншықтар мен шытырман (лабиринт) қоймақпыз. Қазіргі сәтте ғимараттың шатырын жөндеуді аяқтап, ішкі бөліктерін әрлеуге кірістік. Бәрі дұрыс болса тамыз айында ауыл балаларына ойын залының есігін айқара ашуды көздеп отырмыз, – дейді кәсіпкер Наталья Коцюба.
Кәсіпкер жобаны жүзеге асыруға өз қаражаты есебінен 3 миллион теңге жұмсаған.