spot_img
Дүйсенбі, Маусым 1, 2026
17.9 C
Kokshetau

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне қосымша 235 млрд теңге аударады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. 

Комиссия 235 млрд теңгеден астам сомаға активтерді ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасасуды мақұлдады. Оның ішінде 230 млрд теңге ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылатын болады. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарындағы акциялар, жер телімдері және Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекеттің меншігіне өтеді.

Сонымен қатар Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңында көзделген тұлғалармен жалпы құны 28 млрд теңгеден астам инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасасуды қолдады. Қаражатты ел экономикасына қайта инвестициялау – «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген активтерді қайтару шараларының бірі.

Жалпы, жыл басынан бері Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекетке 325 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылды, оның ішінде ақшалай қаражат, 13 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра заттары, қымбат зергерлік бұйымдар бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика