spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Зеренді ауданының Викторовка селосында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен ауыз су мәселесі шешілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде талай жылдар бойы су мәселесінен зардап шеккен Викторовка ауылы ауыз сумен қамтамасыз етілмек, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Викторовка селосындағы ауыз су мәселесін ауыл тұрғындары аудан әкімінің есептік кездесулерінде жыл сайын көтерілетін. Тозығы әбден жеткен су құбырынан су тек уақытпен берілетін. Биыл мемлекеттен қаржы бөлініп, ескі су құбырлары  жаңасына ауыстырылмақ.

Сабақты ине сәтімен болып, биыл Викторовка ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.  Мердігер «Көкшетау  Құрылыс» жобалық құрылыс компаниясы жұмыс жүргізіп жатыр.  «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының арқасында облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен су құбырын тарту желілерін күрделі жөндеуге бюджет қоржынынан 385 702,9  теңге  бөлінді. Бүгінге дейін 1600 метр су құбыры тартылды.. Бұйырса жақында ауыл жұрты ауыз сумен толықтай қамтылады, – деді Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика