spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Олжас Әменов: Ақмола облысының соңғы аптадағы эпидемиялогиялық жағдайы мәз емес

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13316-ға жетті, оның 184 жағдайы Ақмола облысында тіркелді. 10 маусымдағы мәліметке сәйкес,  өңірде екі адамнан алынған COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті,- деп хабарлайды  «Aqmola News». 

Бұл туралы бүгін ақпараттық комуникациялар алаңына келген облыстық денсулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Олжас Әменов мәлімдеді.

Біріншісі Аршалы ауданында 1977 жылы туған әйел дене қызумен аудандық аурухананың филтр кабинетіне жүгінген. Анализ алынып, қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Екінші жағдай 1994 жылы туған ер адамнан белгілі болған. Ол Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Жол жүріп жолда дене қызуы көтерілген. Жол жөнекей ауруханаға соғып, анализ тапсырған. Нәтижесі оң болып шықты.

Олжас Әменовтың айтуынша, өткен тәулікте COVID-19-дың симтоматикалық оң дәрежесін көрсеткен  7 науқас тіркелді. Оның үшеуі Көкшетау қаласының тұрғындары, бұлардың екеуі Көкшетау көпсалалы ауруханасында таратушы және санитар болып жұмыс істейді. Біреуі Атабасардан, қалғандары Шортанды, Аршалы, Зеренді ауылдарынан, COVID-19-дың оң нәтижесі бар баланы қараған аудандық ауруханасының бала дәрігері де бар.

Қазіргі таңда симптоматикалық белгілері бар 28 науқастардың барлығы үй карантиніне алынды.

Сонымен қатар жұқпалы аурулар стационарында 34 науқас ем алып жатыр.

Олардың 4-і бала,

Пневмония – 14

Жеңіл дәрежеде – 20

Ортаташа ауыр дәрежеде – 10

Ауыр дәрежедегі ауырлық – 3

Өте ауыр -1

АЖжИТБ – 4

ИЖВӨ – 3

ЖВӨ – 1 науқас ем-дом алуда.

Өте ауыр дәрежедегі 1977 жылы туған ер адам жан сақтау бөлімінде  жасанды тыныс алу өкпе аппаратына қосылған.

Құрметті Ақмолалықтар! Соңғы аптада облыстың эпидемиялогиялық жағдайы қиындап кетті. Сондықтан коронавирус инфекциясының таралып кетпеуіне аса сақтықпен қарап, карантин талаптарын орындап, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүріңіздер. Тымау мен пневмония белгілері білінсе, дереу 103 нөміріне қоңырау шалыңыздар, -дейді Олжас Әменов.

Мамандардың айтуынша соңғы аптада еліміздің барлық аймақтарында эпидемилогиялық жағдайдың тұрақсыздығы байқалған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img