spot_img
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
4.8 C
Kokshetau

Жібек Жолы кентінде өрт салдарынан 45 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

 Аршалы ауданы Жібек жолы кентінде үш қонақ үй, бір сауна, бір асхана орналасқан «Аstana Resort» эко кешенінде өрт шықты . Жергілікті өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 45 адам өздігінен эвакуацияланды, деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы мен Нұр-сұлтан қаласының өрт сөндірушілері қатысқан.

Өрт 17-10-да ауыздықталды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала алаңы 1500 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт сөндірушілер жақын маңдағы жиһаз цехының ғимаратына өрттің өтуіне жол берген жоқ. Өз бетінше 30 адам демалушылар мен 15 адам кешен қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді»-деді Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ бастығының міндетін атқарушы Ерлан Молдаханов.

Өрт сөндіруге Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің сегіз қызметкері, Нұр-сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жиырма бір қызметкері мен «Астана-Орманы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық мекеме жұмылдырылған .


Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

IT секторының өсуі және стартаптарды қолдау

Отандық компаниялар ұсынған IT-қызметтердің көлемі 2021 жылы 646 млрд теңгеден 2024 жылы 1,74 трлн теңгеге дейін өсті. IT қызметтерінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика