spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды, өзен мен даланы, батыс пен шығысты тоғыстырып жатқан тарихи Тараз өңірі-ЖАМБЫЛ облысынан және шырайлы ШЫМКЕНТТЕН қар суы тасқынының ең бір қауіпті кезінде Ақмола мен Көкшетау өңіріне көмекке келген құтқарушыларды өз елдеріне шығарып салу шарасында сап түзеп тұрған қыран жігіттерге қарата «ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР» деді.
————————————-
Бүгін (19 сәуір 2024 жыл) тарихи Атбасар қаласының орталық алаңда өткен бұл шара Қазақ елінің Елдігі мен Ерлігінің және Бірлігінің жарқын бір көрінісіндей сезілгені бар!
Күн де жаздың күніндей жадырап тұрды. Атақты жазушы Ілияс Есенберлиннің ескерткіші алдында сап түзеген тараздық және шымкенттік құтқарушылар, түрлі техникасы бар және де осы араға облыс орталығы Көкшетау қаласынан келген ел ағалары мен игі жақсылары, атбасарлық тұрғындар мен жастар легі, әр саланың мемлекеттік қызметшілері, былайша айтқанда тұтас ел болып, алғыс айтуға және ризалыық білдіріп шығарып салуға келген болатын.
-Қазақ елінің бүгінгі батырысыздар!,-деп сөз бастаған облыс әкімі Марат Ахметжанов соңғы екі ай бойы Қазақстанның барша халқы су тасқынына қарсы күресіп жатқанын алға тартты.
Әкім өз сөзін «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай бұл шынында да табиғи апат еді. Және де ұзақ жылдан бері мұндай жағдай болмаған.
Еліміздің он өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Тасқын су біздің облысымызға да қауіп төндірді,ең бастысы жан аман, мал аман, келтірген залалы да бар»,-деп сабақтады.
«Біздің басты міндетіміз – адамдардың өмірін сақтау және зардап шеккен азаматтарға барлық қажетті көмекті көрсету»-, деген Президентіміздің айтқан осы бір жанашырлық міндетін орындауға тұтас ел болып жұмылдық,-дей келіп облыс әкімі Марат Ахметжанов тасқын судың бетінің қатты болғандығынап қарамастан күні-түні жедел әрі ұтымды шаралар қолданудың арқасында бір ғана Ақмола облысының аумағындаға 25 елді мекендерде екі мыңна астам тұрғын жайларды су алудан сақталып қалғандығын алға тартты.
Өз сөзінде облыс әкімі Марат Ахметжанов су тасқынының аса бір қауіпті кезеңінен зардапсыз өтуге көмек берген, қолқабыс жасаған Қазақстан Үкіметінің мүшелеріне, Төтенше Жағдайлар , Қазақстан Қарулы күштері, Ішкі істер Министрліктеріне шынайы ризашылығын білдіріп, осы құрылымдардың брлескен көмектері арқасында ағысы қатты тасқынға дер кезінде тосқауыл қойылғандығын айтты.
Бүгінгі осы бір сәтте әкімнің өзі бастап, ел болып құтқарушыларға алғыс айтылуы әбден орынды еді.
Ақмола облысы бойынша су тасқынына қарсы Азаматтық қорғаныстың 3 мыңнан астам қызметкерлері қатысты.
Ұлттық Гвардия, Ішкі істер органдарының қызметкерлері де жұмылдырылды. Бес жүз мыңға жуық арнайы техника жұмыс істеді.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қиын сәтте көмекке келген Шымкент қаласындағы № 9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Әлібек Ақбердіұлы ЖҰМАНОВ, Жамбыл облысының №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Мейрамбек Сейітқазыұлы ҚОНАРБАЕВ, Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс Академиясының 3-ші курс курсанты Әнуәрбек Еркеғали ТҰРСЫНҒАЛИҰЛЫНЫҢ есімдерін атағанда алаңда тұрған жұртшылық дүркірете қол соғып тұрды.
-Су тасқынына қарсы күресте Қазақстанның құтқару қызметінің кәсибіліктері жоғары екендіктеріне, олардың кез-келген төтенше жағдайда батыл әрі шапшаң қимылдап, жедел шаралар қолдана білетіндіктеріне және біздің құтқарушыларымыз сенімді екендіктеріне көзіміз жетті. Сол үшін оларға алғысымыз шексіз!,-деген облыс әкімі Марат Ахметжанов қазақстандық құтқарушыларға жоғары баға бере отырып, барша ақмолалықтардың көкейіндегі сөзді айтқандай болды.
Қызыл су жүрген кезде еріктілер де, барлық деңгейдегі мәсдихат депутаттары да, бюджет саласының, бақылау орындарының қызметкерлері де белсегділік танытты.
600-ден астам еріктілер жұмыс істеді.
Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр бастап, Омар Шоназаров,Батырбек Уәлиев, Алтынбек Кұрманкұлов, Александр Романченко, Максим Панченко сынды тағы да басқа абыройлы ел азаматтары қаржылай көмек көрсетуге келгенде тартынып қалған жоқ.
Атбасар аудандық жастар ресурстары орталығының жетекшісі Камила Омарова бастаған жастар легі де суға қарсы күрестің алғы шебінде болғандығын атап өткен ләзім!
«БІЗ ӘЛЕМГЕ БІРЛІГІМІЗ бен ЫНТЫМАҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН ЕЛ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТТІК!-, деген облыс әкімі Марат Ахметжановтың осы бір ауыз сөзі әркімнің жүрегіндегі Қазақстанға деген шынайы мақтанышын оятқандығы анық еді.
-Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ертең облыс бойынша ауқымды экологиялық акция өткізіледі. Өңірдің барлық тұрғындарын осы іс-шараға белсенді түрде қатысуға шақырамын,-дей келіп өңір басшысы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту мәселелері өзекті болып қала беретіндігін және ақмолалықтардың алдында елімізді көгалдандыру, ұлттық парктерді және басқа да табиғи байлықтарымызды қорғауға белсенді атсалысу азаматтық парыз екендігін айтты.

ӘКІМ ӨЗ СӨЗІН БЫЛАЙ ҚОРЫТТЫ:
—————————————-
Алда тұрған міндеттер әлі де көп. Тасқын судың зардаптарын жоя отырып, материалдық шығындарды өтеу, жаңа үйлер салу, жолдарды жөндеу, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру қажет!
«Мемлекет басшысының тапсыруына сай зардап шеккен бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмайды!»
«Алдағы уақытта еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы және елдігіміз мәңгілік болсын! «
« Елім, жерім деп тынымсыз еткен адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын!»
***
Біз де өз сөзімізді облыс әкімі Марат Ахметжановтың осы бір жалынды да ақжарма шынайы тілегімен аяқталық!

R.S. Атбасарда өткен осы бір «ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЛАРЫН» алғыспен шығарып салудың көңіл толқытарлық шарасында елдің атынан мен және Атбасар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәкең, Сабыржан Нүркенұлы Мұсабеков сөз ұстадық!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img