spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетаулық ұландықдар республикалық жарыста екінші орын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Наурыз айының 15-і күні Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде жекпе-жек сайысынан чемпионат өткізілді. Аталмыш жарысқа өңірдің төрт әскери бөлімнің әскерилері жиналып, жалпы 35 адам өзара бақ сынасты.

Бүгінгі күні баршаңыз өңірлік қолбасшылықтың боз көлемінде өз әскери бөлімдеріңіздің ар-намысын қорғағалы келіп тұрсыздар. Жекпе-жек сайысы әскер саласында бұрыннан келе жатқан спорттардың бірі, ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың бастауымен орын алған бұл жарысқа өжеттілік пен жақсы бап қажет. Жеңіске жеткендер, алдыңғы уақытта өңірлік қолбасшылықты  барша Ұлттық ұлан алдында  таныстыратын болады. Ең мықтысы женсін!,- деп Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков жарыскерлерге сәттілік тіледі.

Дода шарты бойынша жарыскерлер 53-келі ден аса 85 – келі және одан жоғары салмақ дәрежесінде өзара кездесу ұйымдастырды.  Әр спортшы өзгені жеңіп, өзіндік айла – тәсілін қолдана отырып жеңіс тұғырынан көрінбек, солардың бірі Көкшетаулық 5510 әскери бөлімінен келген капитан Дамир Дюсенбин өзінің ойымен бөлісті.

– Жекпе-жек оңай өтіп жатыр деп айту қиын, барлығы да жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр, бұл жарысқа екі ай көлемінде дайындалған едік, баптаушымыздың атын жерге қаратпай намысқа тырысамыз, – дейді спортшы.

Сайысқа қатысушылар жақсы дене даярлығын мінез бен қайсарлық, табандылық пен өжеттілік қатар ұстаған жарыста барынша бақ таласып, өздерінің шеберліктерін арқасында жоғары спорттық нәтижелерін көрсете білді. Жалпы кездесуде 19 әскери қызметші спорттық разрядтардың нормативтерін орындады.

Жарыс қорытындысы 16 наурыз күні 5451 әскери бөлімінің аумағында өткізілді.  Жеңімпаздарын құттықтау үшін Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы шараны жеке бастады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеке біріншілікте:

57 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:

жүлделі 3-орын  ефрейтор Ахметбеков Жастілек Рысбекұлы, 6697 әскери бөлімі Қостанай қаласы;

аға лейтенант Саткенов Темирлан Өмірсерікұлы – 2 орын, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

осы салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған қатардағы Чаймердан Жақсылық Айдарбекович марапатталады, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

62 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:

3-орын ефрейтор Серғазы Өмірәлі Оразалыұлы, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

2-орын капитан Дюсембин Дамир Ерболұлы, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

жүлделі 1 орынды аға лейтенант Абикеев Ержан Сагатович еншіледі, 6697 әскери бөлімі Қостанай қаласы;

 

67 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:

жүлделі 3-орын капитан Мұханбетов Ерлан Асылбекұлы, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

2-орын аға лейтенант Вайль Артем Анатольевич, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

1 орын –  кіші сержант Әділбеков Әділет Әділбекұлы, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

 

73 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:

3-орын аға лейтенант Жетписбаев Арман Беккожаевич , 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

2-орын лейтенант Тохтар Орман Мухтарұлы, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

осы салмақ дәрежесінде жеңімпаз аталған  қатардағы Батырхан Шыңғысхан Мухитұлы, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

 

80 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:

3-орын кіші сержант Аманкелдінов Ерден Еркінұлы, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

2-орын Көкшетаулық 5510 әскери бөлімінен келген лейтенант Мыктыбаев Темирлан Маликовичқа бұйырса;

салмақ жеңімпазы Қарағандылық 5451 әскери бөлімінің сардары  лейтенант Картабаев Ерболат Кабдылкалиевичқа бұйырды;

 

88 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:

3-орын капитан Биримжанов Нуржан Куанышпаевич, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

2-орын лейтенант Қонақбаев Алмат Галымович, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

осы салмақ дәрежесінде жеңімпаз аталған лейтенант Садыков Жанай Дюсенгалиевич, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

97 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:

2-орын аға лейтенант Кулгаров Бекзат Маратаевич, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

осы салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Қарағандылық сардар – лейтенант Корпебаев Дархан Дулатович;

 

97 кг-нан  жоғары салмақ дәрежесінде:

3-орын лейтенант Чензе Сергей Николаевич, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

2-орын сержант Әлібеков Ерасыл Әлібекұлы, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

салмақ жеңімпазы –  сержант Амренов Рустем Тойбекұлы, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы.

 

Көрермендер көзайымы болып, әдіс-тәсілімен көзге көрінгендер де  назардан тыс қалмады:

 

үздік техникасы үшін – қатардағы Чаймердан Жақсылық Айдарбекович марапатталады, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

ең жылдам жеңіс үшін – лейтенант Картабаев Ерболат Кабдылкалиевич марапатталады, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

жеңіске деген жігері үшін – майор Бекенов Рустем Ержанович марапатталады, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы.

 

Жеңімпаздар Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан грамота, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img