spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ұлттық жаңғырудың жаңа қағидалары

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың   «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінен кейінгі ой.

 

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Жаңару мен жаңғыру жақсылыққа жол ашады». 

Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінен.( Атырау. 15 наурыз. 2024  жыл).  

Атырауда  болып өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысы шын мәнінде біздің бабалар жолын ұстанып, «кеңесшіл ел кемдік көрмес» деген ұлағатынұмытпай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдеп, халқымыздың сана-сезімі мен құндылықтарымызды түбегейлі жаңартып, жаңғыртуарқылы ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастырутуралы  ойлары мен идеясы көңілден шыққандығын айтқан ләзім!

Тағы да бір көңіл түпкіріндегі қуанышымыздысерпілткен жай,  Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізу туралы Мемлекет басшысының ұсынысы еді.

 «Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын!»,-дей келіп Президентіміз «Жер шоқтығы Көкшетаудың» бәсін арттыра түсті!

 Қалың Көкшетау елі қуаныш үстінде қазір! «Арқада жер жетпейді Бурабайға, Ертеде қоныс болған Абылайға» деп  ақын Мағжанның, «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» деп ақын Сәкеннің сыр сандық көңілдерінен жыр болып төгілген Кербез Көкшенің Ұлттық Құрылтай өткізуге терең тарихы да, серілігі мен салдығы да, керім  сұлу табиғаты да жарап  тұр, жарасып тұр! Қайырымен болсын!

                                                      ***  

  Әлқиса… біз ежелден басымыздың амандығы мен асымыздың адалдығын тілеп отырған халықпыз. Соның бір айғағындай, биылғы наурыз айының 14-15 күндері Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысы деуге болады. Және де Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың    «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты  тақырыпта кеңінен толғап сөз сөйлеуі біздің халқымыз үшін де адамзат баласының басты құндылықтарының бірі Адалдықтың бәрінен биік тұрар қасиетті ұғым мен ұстаным  екендігін тани түстік.

Адалдық пен әділдік егіз ұғым. Кез-келген қоғамда әлмисақтан бері барша адамзат баласының іздеп келе жатқаны осы адалдық пен әділдік болса керек.Қазір біздің қазақстандық қоғам да осы адалдық пен әділдікті ұлттық идеология мен ұлттық құндылықтардың бірі ретінде алға тартып отыр. Бұл орайда ПрезидентімізҚасым-Жомарт Тоқаевтың Әділ де Адал Қазақстан құру жөніндегі саясаты осыған айғақ, осыған дәлел.

 «Шын мәнінде адалдық жоқ жерде әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды» деген Президентіміздің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында  (1 қыркүйек 2023 жыл) айтқанындай, расында да адал адам тәрбиелеу мәселесі қазір де тереңдеп бойлар, тереңдеп ойлар өзекті мәселе!

   Атырауда өткен үшінші Ұлттық Құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз елдігіміздің негізін қалап, оны ұрпаққа табыстаған бабалар рухына тағзым етеміз. Алайда өткенімен ғана өмір сүретін жұрт өркениетті ел бола алмайды. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет»,-дей келіп, ұлттың жаңаруы мен жаңғыруының жаңа әрі бүгінгі заманның даму ақиқатына орай ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі алтықұндылықтарға тоқталуы ұлтымыз бен мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын тереңінен ойлағандық дер едім.

«Мен бүгін маңызды идеологиялық тұжырымдарымыз бен негізгі бағыттарымыз туралы тарқатып айтып бердім. Тағы да бір қайталап өтейін: бұл – Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық. Ұлтымыз осы идеялық негіздерді басшылыққа алса, болжаусыз және қарқынды дамып келе жатқан ХХІ ғасырда лайықты орнын табады,- деді .

  Мемлект басшысы ұсынып отырған осы жаңа алты құндылықтар:

«Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ», «Әділдік және Жауапкершілік», «Заң және Тәртіп, «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және Жаңашылдық» сияқты қағидалар ендігі арада дамуы аса күрделене түсер осы және алдағы ғасырларда біздің халқымыздың Тәуелсіздік жүгін жолда қалдырмай, аударып алмай сол тәуелсіздікті ұрпақтан ұрпаққа ұлы мирас ретінде табыстап отыру үшін тарихи маңызы зор екендігін ұғынғанымыз абзал.

«Тәуелсіздік және Отаншылдық» ұғымы біздің әрқайсымыздың санамызға берік орнығуы керек.Тәуелсіздігіміздің өткен отыз жыл кезеңіндегі қасіретті қателіктерге  тағы да жол бермес үшін қазіргі қолға алынып отырған саяси-және әлеуметтік  реформалардытабысты жүзеге асыруға тиістіміз. Бұл орайда ең бастысы Президентіміздің тікелей бастамасымен  2022 жылдың 5 маусымында Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жалпықазақстандық референдумның өткізілгендігі  Тәуелсіздік және Отаншылдық ұғымын бәрінен де жоғары қоя отырып, бәрінен де қасиетті ұғым есебінде таныта түсу үшін жасалған деуге болар еді.

Мемлекет басшысының «Конституциялық түзетулер мемлекетіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді» деген Референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған Үндеуінде (6 маусым 2022 жыл) «Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз»,-деген пікіріне тоқталар болсақ, Президентіміз айтып отырған  «қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесінің» жаңа әрі өте маңызды жаңарған бір парасы Атырау Құрылтайында өз жалғасын тапты.

«Тәуелсіздік және Отаншылдық» ұғымын бірінен бірін ажырата қарауға болмайтын егіз ұғым. Тәуелсіздік дегенміз-Отан! Отан дегенміз-Тәуелсіздік!

 Ұлттық Құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз біртұтас ұлт және халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде ұлттық мүддемізді, егемендігіміз бен Тәуелсіздігімізді қорғауға әрдайым дайын болуымыз қажет. Бұл, әсіресе, әлемде «заңның күші емес, күштінің заңы» деген қағидат үстемдікке ие болып, егемендігі осал мемлекеттердің маңдайына өзгеге кіріптар болу жазылған-мыс деген пайымға жол беріле бастаған бүгінгі заманда өте өзекті»-,  дегенді айтуы қазіргі уақытта дүниені, оның табиғи байлықтарын  күшпен қайра бөліске салу жүріп жатқан кезеңде өткеннен сабақ алуға және ел мүддесін қорғау мен сақтауда аса сақ болуды және

«әлемдегі оқиғалар және олардың ұлттық мүддемізге тигізетін әсері туралы кешенді талдау қажеттулігіне» үндейді.

«Тағы бір іргелі құндылық – бірлік және ынтымақ»-, деді Президентіміз! Әлмисақтан бері халқымыз осы бірлік пен ынтымақ жөнінде не бір терең ойлы әрі ғибраты мол ұлағатты сөздер айтып келе жатқаны анық. Бірлік пен ынтымақ құндылығының маңызы арта түспесе еш кеміп көрген емес қашан болсын. Әлі де сол!

«Біздің күшіміз – бірлікте. Жұртымыз басына түскен тауқыметтің бәрін мызғымас бірліктің арқасында жеңіп келеді. Орасан зор сын-қатерлер пайда болған қазіргі заманда ынтымақ-бірліктің маңызы арта түсті. Қазақстан – бәріміздің қасиетті қара шаңырағымыз. Сондықтан әрбір азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс. Біздің күшіміз – ынтымақта. Еліміздің әлеуметтік саясаты осы құндылыққа негізделген,-дей отырып Президентіміз бірлік пен ынтымақты әлеуметтік саясаттың құндылығына аса мән бере түсті.

Қазіргі уақытта қазақ елінінің бірлігі мен ынтымағын іріткісі келіп отырған бақай есепті  күштер өз ішімізде де сыртта да жоқ емес, бар. Әркімнің ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиісті деген Мемлекет басшысы ойының түбінде қазақтың «елің тыныш болса, өзің де тыныш боларсың» деген ежелгі бір ұғымы жатыр. Осы тұрғыдан ойлар болсақ, елдің бірлігі мен ынтымағының шырқын бұзуды, өзіңнің, өз үйің мен өз шаңырағыңның шырқын бұзумен пара-пар кесірлік деп білу керек.

«Тағы бір маңызды құндылық бұл – Заң және Тәртіп»-, деген тағы бір құндылықты алға тарта отырып Мемлекет басшысы «Заң алдында – бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуге тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салынады. Біз «жасампаз плюрализмді толық қолдаймыз, елге іріткі салатын радикализмге түбегейлі қарсымыз» деген қағидатты берік ұстанамыз. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз,-деп осы Заң мен Тәртіптің түп төркіні «отбасыңда береке болуын ойла, жұмыс орныңды, үй-жайыңды, аулаңды ретке келтір, қоғамдық орында әдеп сақта» деген қағидалармен ұштастыруы тегін болмаса керек!  Өйткені отбасылық өмірден бастап, өмірдің барлық саласының өз заңдылықтары мен қалыптасқан тәртібі бар. Ал енді осы Заң мен тәртіптің терең тамыры тәрбиеде жатқандығы да айқын. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасындағы тәрбие жайы аса маңызды боып қала бермекші.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» маңызды құндылықтың бірі ретінде қашан болсын өзінің мәнін жоймақ емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен (16 маусым 2022 жыл) Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында «Ұлы Абай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп өсиет қалдырды. Еңбекқорлық біздің негізгі қағидамыз болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз.Табанды еңбек-еліміздің бәсекеге қабылетін арттыратын басты формуланың бірі. Тіпті бірегейі деуге болады»,-дегенін бірінші Құрылтайда және  Еңбекқорлық  пен Кәсіби біліктілікті осы жолы тағы да алға тартуы бұл мәселенің өте өзекті болып отырғандығын ұғындыра түсері бар.

Мемлекет басшысы жастарымыздың өз еліміздің кез келген өңіріне келіп еңбек етуді, шет мемлекеттерге барып жұмыс істеудің де ешбір ағаттығы жоғын алға тартады. Бұл орайда Президентіміз: « Өз кәсібін өте жақсы білетін, оған әбден берілген, еңбекқор адам ғана табысқа Бүгінде солтүстік аймақтарда жұмыс күші жетіспейді. Ол жақта тегін білім алуға, жақсы жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар. Мемлекет беріп отырған осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Біз мыңдаған шақырым жерде көшіп-қонып жүрген көшпенділердің ұрпағы екенімізді ұмытпайық. Қазіргі жастар заманауи көшпенділіктің жақсы жақтарын игере білуі керек. Көші-қон – дүние жүзіне ортақ қалыпты құбылыс,-дей келіп, «шетелде жүрген адамдар жаңа дағдыларды игереді, жаңа кәсіптерді меңгереді. Олар өз елінің экономикасын дамытуға едәуір үлес қосып жүр», -деп жастарымыздың шет ел асып, табыс табуға намыстанбауға шақырады.

«Келесі құндылық – жасампаздық және жаңашылдықты» Президентіміз өте жылдам әрі қарқынды дамып өзгеріп жатқан қазіргі әлемде ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шартықарастырады. «Озық дамыған мемлекет құру үшін біздің азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы керек. Сол себепті біз қоғамда білімпаздықты дәріптеуге, білім және ғылым саласын дамытуға баса мән беріп келеміз. Біз адам капиталына арқа сүйесек, өзіміз белгілеген ауқымды өзгерістердің бәрін жүзеге асыра аламыз,-деп Жасампаздық пен Жаңашылдық құндылығының  не үшін қажеттілігін және оныңмәні мен маңызын әрі  айқын, әрі дәл анықтап беріп отыр.

«Біздің алдымызда үш айрық жол тұр: құлдырау, тоқырау немесе өрлеу. Біз әрдайым өрлеуді таңдаймыз. Әрине, өрге шығу оңай емес. Талай қиындық туындауы мүмкін. Соған қарамастан, тек алға ұмтылуымыз керек,- деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір ауыз сөзі біздің бүгініміз бен болашағымыздың негзгі сұлбасын, бейнесін «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген бір-бірінен бастау алатын, әрі өзара тығыз байланысты үштаған ұғымға тоғыстырып отыр.

Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай және онда айтылған ойлар мен пікірлер, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың терең мағыналы сөзі  және «құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекет құрамыз» дегені ел еңсесін көтеріп, болашаққа деген сенімді нығайта түсті.

Ақиқатында Президентіміз айтып жүргеніндей «Біз жасампаз халық болуымыз қажет


Жабал Ерғалиев.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.
Көкшетау.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img