spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Президент Құрылтайдың кезекті отырысын Көкшетауда өткізуді ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа Қазақстан кеңістігіндегі айрықша қолға алынған шаралардың бірі-Ұлттық Құрылтай өткізу.Ел Президентінің бастамасымен бірінші Құрылтай қасиетті Ұлытау жерінде өткізілді.Себебі Ұлытау жері ежелгі тарихқа өте бай жер.Қазақ жерінің кіндік ортасы болған осынау қасиетті мекенде қазақ хандарын хандық билікке отырғызып, ұлықтау рәсімі өтетін киелі жер. Бірінші Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар ақырындап қоғамымызда жүзеге аса бастады.
Екінші Құрылтай да Ел басшысының нұсқауымен қазақ хандарының астанасы болған қасиетті Түркістанда өтті.Мұндағы көтерілген іргелі мәселерде жүзеге аса бастағанын көз көріп, құлақ естіп отыр.Жаңа Қазақстанның ерекше сипаты болып табылатын, халықтық парламент болып табылатын Ұлттық Құрылтайтай бұл жолы ежелгі Атырау жерінде өтіп отыр.Осындағы көне Сарайшық қаласы Қасым ханның тұсында Қазақ Ордасының астанасы болған.Бұл Құрылтайда да елдік елеулі мәселелер көтерілді.Ел Президенті Құрылтайдың кезекті отырысын Көкшетауда өткізуді ұсынды.Оның да өзіндік себептері бар.Себебі Көкшетау ән мен жырдың ордасы ғана емес, Абылай хан туын тіккен қасиетті Хан Ордасы болған мекен.Осы жерден қазақтың соңғы ханы Кенесары да тәуелсідік үшін атойлап атқа мінген.Ел Президентінің бұл шешімін ризашылықпен құптаймыз.

Сәбит Жәмбек, Ш,. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img