spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Жұмыста ұйымшыл ұжым маңызды», — тәрбиеші Назгүл Галеева

Сондай-ақ...оқыңыз

Мектепке дейінгі білім беру-өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің негізі. Балабақша қызметкерлерінің еңбегін асыра бағалау қиын, өйткені тәрбиешілер балалардың алғашқы тәлімгерлері болып табылады.

Көкшетау қаласының «Мирас» балабақшасының тәрбиешісі Назгүл Галеева мектепке дейінгі білім беру саласында шамамен 10 жыл жұмыс істейді. 2015 жылы Назгүл Ғабитқызы өзінің еңбек жолын тәрбиешінің көмекшісінен бастап, 2019 жылы тәрбиеші болып жұмыс істей бастады.

Бүгінгі таңда «Ботақан» тобында 22 бала білім алуда. Олардың әрқайсысымен Назгүл Ғабитқызы ортақ тіл табады. Оның ойынша, кез – келген кәсіптің басты критерийі-өз ісіне деген сүйіспеншілік пен адалдық, сондай-ақ тығыз және тату ұжым.

— Мен 2015 жылдан бері өз қызметімде жүрмін, балабақшада жұмыс істей бастағаныма 10 жыл, осы уақыт ішінде көптеген оқиғалар болды : мен жаңа дағдыларды үйрендім, осы күнге дейін бірге жұмыс істейтін қызықты және білімді адамдармен таныстым. Мен балаларды және өз жұмысымды жақсы көремін. Кейде кішкентай балалармен қиын болуы мүмкін, әрқайсысының өзіндік мінезі бар, бірақ біз олардың әрқайсысымен ортақ тіл табамыз. Біз интерактивті ойындар өткіземіз, жеке әңгіме кезінде баланың мінезін білеміз. Сонымен қатар, менің мамандыққа деген адалдығым мен сүйіспеншілігімнің құпиясы : тату ұжым, кез-келген жұмыста ұйымның жетістігі командаға байланысты. Біздің басшылығымызға және бүкіл ұжымға бір — бірімізді қолдағанымыз үшін алғыс айтамын, – деп атап өтті Назгүл Галеева.

2019 жылы біздің кейіпкеріміз тәлімгер және жас маман курсынан өтті, ол өз білімін жұмыста жүзеге асырады, балабақшада тұрақты негізде семинарлар өткізіледі, ұжым басқа өңірлердің әріптестерімен тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, балабақшадағы әр мереке аса жауапкершілік пен балаларға деген мейіріммен өтеді, ұжым осындай іс-шараларды ұйымдастыруға креативті дайындалады.

Кейіпкеріміздің әріптесі тәрбиеші Назгүл Оразова бір кездері оның тәлімгері болған, олар 5 жыл бірге жұмыс істейді, Назгүл Асанқызының айтуынша осындай жауапты және тамаша әріптесімен бір ұжымда еібектеніп жатқанына өте қуанышты.

– Назгүл Ғабитқызымен біз 5 жылдан астам еңбек етіп келеміз, бұл өте ұқыпты, жауапты, тапқыр және шығармашыл адам, ол өз тәрбиеленушілері мен әріптестеріне сүйіспеншілікпен қарайды, жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерге ие. Біз мерекелік іс-шараларға бірге дайындаламыз, ол балалардың мінезін өте жақсы сезеді және әрқашан жаңа шығармашылық идеяларға бай. Үлкен отбасындай осындай кәсіпқойлармен жұмыс істегенім үшін тағдырыма өте ризамын,  — деді Назгүл Оразқызы.

 

Халықаралық әйелдер күнінің құретіне «Ботақан» тобының балақайларының ата-аналары сүйікті тәрбиешісін құттықтап, қиын жұмыста шығармашылық табыс тілейді.

– Құрметті Назгүл Ғабитқызы! Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз! Шығармашылық жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін зор денсаулық пен мол қуат тілейміз. Біздің балаларымызға лайықты көңіл бөліп, тәрбие бергеніңіз үшін көп рахмет, – деді ата-аналардың бірі Айнұр Қасымова.

Айта кету керек, Көкшетау қаласының Мирас балабақшасында бүгінгі таңда 12 топта балалар мектепке дейінгі білім алады, ұжымда 60-тан астам адам жұмыс істейді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img