spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Оқушы дайындаған қазақ даласына тән хош иісті әтір

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл ауданының Кеңес ауылы мектебінің 5 сынып оқушысы Альбина Айдарханова ұстазымен бірлесіп, қазақ даласына тән хош иісті әтір ойлап тапты.

Альбина ғылыми жұмыстың мақсаты – қазақ даласының иісі атанған жусаннан қарапайым жағдайда әтір дайындау болды дейді. Сондай-ақ әтірді иіскегенде шалғынды өсімдік, әсіресе жусанның иісі шығатындай қалыпқа келтіруді жоспарлапты.

–Мақсатқа жету үшін үй жағдайында әтір жасау жолын зерттеп, тәжірибеде қолдану барысында жусан түрлерін анықтадық. Әдеттегі әтірлердің басты әрі негізгі элементі ретінде гүлдер қолданылса, біз кәдімгі жусан шөбін таңдадық. Себебі оның шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет аштырады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады, әртүрлі шаншулар мен құрыспаларды, ауырған жерлерді басады, ұйықтауға да көмектеседі. Сондай-ақ Сұлтан Бейбарыстың тап осы жусанмен байланысты аңызында «Жусанда туған жердің иісі бар», –деп айтылған. Осы қанатты сөзді ескере отыра, ер азаматтарға арналған әтірімізді «Елім-ай» деп атадық. Бұл атау өзімізге де шабыт берді» – дейді жоба жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметова.

Әтірді үй жағдайында жасау әдісін үйрену үшін алдымен қарапайым иіссу жасаудан бастапты. Кейін әтірдің хош иісі ұзаққа сақталуы үшін медициналық спирт қолданған. Жасалу әдісін тыңғылықты зерттеп, кейін өз жұмыстарына кірісіпті. Альбина мен жетекшісі бір иіс су және екі әтір әзірлепті.  Дайын болғаннан кейін оларды қараңғы әрі салқын жерге қойып, 4 апта сақтап, түстерінің өзгеруіне бақылау жүргізген.

–Үзіліс кезінде ұстаздар мен оқушылар назарына жасаған иіс су мен 2 әтірді ұсынып, олардың  иісі жайында пікірлерін сұрастырдық. Нәтижесінде 4 әтірдің екеуі көпшілікке ұнады, ал «Елім-ай» әтірін 8 адам қолдады, –дейді жас зерттеуші.

–Жарты жылдан соң, әтірлеріміздің хош иісінің сақталу уақытын анықтау үшін адамның терісіне, шифон матасына, тоқыма және мақтаға сеуіп, зерттедік. Әтірдің хош иісі адам терісінде 4 сағатқа жуық, шифон матасында 2 сағат 34 минут, тоқымада 15 сағат 12 минут және мақта матада 17 сағат 16 минут сақталып тұратынына көз жеткіздік. Құрамында эфир майы болса да, маталарда ешқандай дақ қалдырмайды. Сөйтіп, әтірдің жасалу жолын тоқтатпай, сапасын зерттеу басталды. Дүкен сөресінен қымбат және арзан иіссуларды сатып алып, сеппей, сапасын салыстырдық. Әрине, қымбат әтірдің сапасы жоғары болады. Ал, арзан әтірге қарағанда «Елім-ай» әтірінің сапасы едәуір артық екен. Біз үшін бұл үлкен жетістік!» – дейді жоба жетекшісі Жұпар Жанболатқызы.

Жұмыс нәтижесін Альбина республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауында «Химия, биология» секциясы бойынша қорғап, жүлделі 3 орынға ие болыпты.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img