spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «Ару Ана» байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Достар» мәдениет сарайында 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында партия мүшелері- аналар арасында «Ару Ана» атты байқау өтті. Көкшетау қаласындағы түрлі мекемелерден қатысқан аналар байқаудың шарты бойынша өнерлерін ортаға салып, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырғандықтарын дәлелдей білді. «Ас үйдің тірлігін дөңгелетіп, балаларын өнер мен білімге, қолөнерге машықтандырып, салт-дәстүрді сақтап жүрген алтын құсақты аналардың байқауы әдемі, көңілге жылу ұялатып, керемет әсерге бөледі. Байқауға қатысқан әр келіншектің қолдан жасаған бұйымы, балаларымен қосылып көрсеткен шығармашылық өнері әділқазылар алқасын да ерекше әсерге бөледі. Біздің мақсатымыз- бастауыш партия ұйымының мүшелерін ынталандыру, қазақтың мықты аналарын жастарға үлгі ету»,- деді өз сөзінде партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова.

Бастауыш партия ұйымдарын ынталандыру, оларды қаламыздың қоғамдық саяси-өміріне араластыру мақсатында өткізген байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшесі Бақытгүл Галиева, екінші орынды «Қамқор» бастауыш партия ұйымының мүшесі Айсұлу Әбілова, ал үшінші орынды «Білім» бастауыш партия ұйымының мүшесі Кәкей Гүлзира иеленіп, жүлдегерлерге облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Б.Беспалиновтың алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды. Байқауға қатысып, өнерімен көзге түсіп, алайда орын алмаған аналарға да құрмет көрсетіліп, шағын сыйлықтармен марапатталды.
Марапаттау рәсімінде сөз алған облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова «Бастауыш партия ұйымы- партиямыздың негізі. «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асырып, бұл байқау әр ауданда, партия филиалының ұйымдастыруымен өтті. Барлығы 200-ден астам партия мүшелерін қамтыған байқау дәстүрге айналып, көктем мерекесі қарсаңында асыл жар, аяулы аналарымызды ынталандыру ойымызда бар»,- деп қорытындылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img