spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды. Он жылға созылған сұрапыл соғысқа 620 мыңға жуық Кеңес, оның ішінде  − 22269 қазақстандық жауынгер қатысыпты. Содан бері аталмыш күн ауған соғысында болған әрбір жауынгер мен офицерді еске алу күні болып табылады. Биыл бұл атаулы датаға 35 жыл толып отыр.

Осыған орай, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде және Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде интернационалист-жауынгерлерге деген патриоттық және құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында студенттердің Ауғанстан соғыс ардагерлері одағымен кездесуі өтті.

Кездесуге «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы –Дуанбай Ыбырай, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері» Ақмола облысы қоғамдық ұйымы филиалының төрағасы, полковник –Жанат Ережепов, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысындағы филиалының басшысы –Орынбек Сагидолла қатысты. Сонымен қатар, Ауған соғысының ардагерлері –Болат Уаисов, Бикет Шайданов, Ришад Макеев, Жанат Джумадилов, Мұхтар Султанов, Борис Сокол, Гульнар Макишева, «Құрмет ордені» иегері Қанат Бірәлі, «Көкшетау қалалық Ауған соғысының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы –Болат Шарипов және Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы Айдос Абильтаев кездесуде сол бір сұрапыл кезеңнің естеліктерімен бөлісті.

–Ауған соғысының батырларын ұмытуға құқығымыз жоқ. Олар-барлығымызға, әсіресе жастарымызға үлгі, абырой және құрметпен отанға деген борышын өтеу әлде қайда маңызды екенін көрсете білді. Оларды Отанды шын сүюдің үлгісі деп танимыз. Мереке күні елімізге бейбіт аспан, тыныштық пен амандық тілеймін, – деп Дуанбай Қазыбайұлы өз сөзін  қорытындылай келе, ыстық тілегін білдірді.

Кездесу соңында жастар өз пікірлерімен бөлісіп, спикерлерге көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Студенттер әскери борышын өтеген жауынгерлердің ерлігі мен батылдығы туралы көптеген мағлұматтарды бойына сіңіріп, осындай батыр ағаларымыздың өз аузынан айтқан әңгімелерін тыңдауды мақтаныш тұтуда. Ардагерлер жастарды Отан алдындағы әскери борышты өтеуге шақырды.

Жеңіс Балабеков,

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметкері.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img