spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында карантин режимі жеңілдетіле бастады.

Сондай-ақ...оқыңыз

Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бойынша талаптарды сақтай отырып, бірқатар ұйым жұмысын жандандырды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Аумағы 500 шаршы метрден аспайтын азық-түліктен өзге заттарды саудалайтын дүкендерге кешкі сағат 17:00-ден кейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен бірге, фотосалон, гүл сататын киоскілер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, адвокаттар кеңсесі, шағын несие ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ақша айырбастау пункттері, ақпараттық-коммуникация технология компаниялары, зоодүкендер, және ауыл шаруашылығы жем-азықтарын сататын дүкендер жұмысын бастады. Сондай-ақ, сиымдылығы 20-дан аспайтын қоғамдық моншалар мен сауналарда ашылады», – делінген облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Қатаң карантиннен кейін жұмысын бастаған Сандықтау ауданының Балқашин ауылындағы кәсіпкер Александр Жданов: «Менің құрылыс материалдарым және шаруашылық тауарларын сататын жеке дүкенім бар. Карантин режимі менің жеке кәсібіме кері әсерін тигізді. Наурыздың 23-нен бастап дүкен жабылып, онлайн тапсырыс қабылдай бастадық. Үш жас жұмысшым жұмыссыз қалғандықтан 42500 теңге жәрдемақы алды. Қазіргі таңда дүкен ашылып, санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуде. Бір ретте екі адам қызмет көрсетеміз, дизенфекция жүргізіп, маска және қолғап режимі сақталған», – дейді кәсіпкер.

Айталық, өңірде сәуір айының соңында тұрғындарға үй ауласында серуендеуге, саяжайға баруға автобуспен жүруге рұқсат берілді. Сонымен бірге, шаштараз, сән салоны, медициналық орталық, стоматлогия, нотариус, химиялық және киім тазалау орындары жұмысын бастады. Азық – түлік, химиялық және гигиеналық заттар сататын сауда орындарының жұмыс режимі ұзартылды. Өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, екінші деңгейлі банктер мен өзге де нысандар жұмыстарын жүргізе бастады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img