spot_img
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
-0.8 C
Kokshetau

«Samruk-Kazyna Trust» қоғам алдында есеп берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының ІІ Корпоративтік қайырымдылық форумы өтті. Форумда қайырымдылық операторы қоғам өкілдері алдында 2023 жылы жүзеге асырған әлеуметтік жобалардыңнәтижесі бойынша есеп берді. Оған 300-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдері, мемлекеттік орган, квазигоссектор, бизнес өкілдері, «Самұрық-Қазына» қоры тобының компания басшылары мен қызметкерлері, БАҚ, қоғам белсенділері мен көмек алған азаматтар қатысты.  

Форумда панельдік сессиялар өтіп, оларға қатысушылар қайырымдылық саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік жобаларды дамыту,  табысты кейстер мен қаржылай қолдау шараларын талқылады.

Компаниялар тобы атынан бірыңғай қайырымдылықоператорының есеп беру шарасында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2024 жылы инклюзия, денсаулық сақтау, креативті индустрия, спорт және білім беру сияқты ең өзекті әлеуметтік трендтер ары қарай Қор назарында болатынын атап өтті. Шарада Нұрлан Жақыпов Батыс Қазақстан медициналық университеті жанынан ашылған онкологиялық оңалту бөлімшесінің жұмысына бастау беріп, Ақмола және Түркістан облыстарындағы бас дәрігерлерге 5 жедел жәрдем көлігі мен реанимобильдің кілтін табыстады.

Жалпы 2016 жылдан бері жалпы сомасы 74 млрд теңгеге 2,5 миллионнан астам қазақстандыққа көмек көрсетілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика