spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Республикалық пәнаралық олимпиадаға облыстан 40 оқушы қатысады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Bolashaq saraıy» базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталды.

Пәнаралық олимпиада ағымдағы жылғы 3-7 қаңтар аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Оған Ақмола облысының 450-ден астам оқушысы, яғни қалалар мен аудандар бойынша өткен екінші кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиаданың негiзгi мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарды қамтыды.

Олимпиаданың қорытынды нәтижесінде 211 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олардың ішінде 40 білім алушы бірінші орынды жеңіп алса, 41-і екінші орынға қол жеткізді, ал, 103 оқушы үшінші орынға лайық деп танылды, сонымен бірге, 27 оқушы ынталандыру мақсатындағы грамоталарға ие болды. Үшінші кезеңдегі жүлделі орындардың санына сәйкес «Үздік олимпиадалық команда-2024» кубогына жаратылыстану-математикалық бағытта да, қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Білім-инновация» лицей-интернатының, Көкшетау қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 мамандандырылған мектеп-интернатының және Көкшетау қаласының командалары ие болды. Ал, «Ең үздік олимпиадалық ауыл мектебі-2024» кубогын Целиноград ауданының Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы иеленді. «Ауыл мектебінің ең үздік олимпиадалық оқушысы –2024» кубогы Есіл ауданының Свободное ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Надежда Дедейкоға бұйырды.

Сонымен, жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиаданың облыстық кезеңінде үздік шыққан 40 білім алушы республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img