spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазақстандықтар 2,6 миллионнан астам төлқұжат алды

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылы қазақстандықтар ХҚКО арқылы 2,6 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік алды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ.

2023 жылы 2,6 миллионнан астам қазақстандық Азаматтарға арналған үкіметтен төлқұжат пен жеке куәлік алды. Салыстыратын болсақ, 2022 жылы 2,3 миллион азаматқа жеке басын куәландыратын құжат берілген болатын.

Ал, Астана мен Алматы қалаларында орнатылған құжаттама терминалдары арқылы соңғы бір жылда 19 мыңға жуық адам өтініш берген.

«Терминалдар уақытты үнемдейді және бірнеше минут ішінде өтініш беруге мүмкіндік береді. Азаматтардың ыңғайлылығы біздің жұмысымыздың басымдығы және біз мемлекеттік қызметтерді көрсетуді одан әрі де жетілдіріп, әрбір қазақстандық үшін мүмкіндігінше тиімді және жедел болатындай етеміз» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Сондай-ақ, атап өтер болсақ, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін – 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін – 12 АЕК, 24 парақты төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балаларға) – 4 АЕК. Жеке куәлік үшін төлем 0,2 АЕК-ті құрайды.

Айта кетейік, өткен жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру сұраныстағы үшінші мемлекеттік қызмет қатарынан табылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img