spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Егіндікөл 50 жылдық мерейтойына ерекше әзірлік жасауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Аудан орталығының мерейтойына орай Егіндікөл селосында нысандарды жөндеу және абаттандыру жұмыстары жасалмақ. Аталған мақсатта бюджет қоржынынан қыруар қаражат бөлінген, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабеков мәлім етті.

Жалпы Егіндікөл ауылының 50 жылдық мерейтойын өткізу бойынша онға жуық жоба жүзеге асырылмақ.

Ауылдың мерейтойы пандемия тұрақталған жағдайда тамыз айында өткізу жоспарланған.  Егіндікөл  ауылының 50 жылдығына орай, ауылға кірер жолда орналасқан стелланы қайта жаңартуды жоспарладық. Ауылымыздың мерейтойын өткізу уақытында, барша тұрғындар мен қонақтарды арнайы қарау алаңы бар, жаңа стелламен қарсы алмақпыз. Стелланы жаңартуға 7 миллион теңге қаржы жұмсалмақ. Сонымен қатар биыл мерейтой аясында Победа және Жамбыл көшелерінде екі көлік тұрағын абаттандыруды көздеп отырмыз. Победа көшесіндегі ағымдағы жөндеу кезінде тротуар бойына жаңа сауда дүңгіршектері де орнатылмақ. Бұл мақсатқа 1,4 миллион теңге қаржы қарастырылған. Ленин көшесінде де жаяулар жолы жөнделетін болады. Бұл мақсатта бюджеттен алты миллион теңге қаржы бөлінді, – деді Ерлан Исабеков.

Жөндеу жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталмақ.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика