spot_img
Жексенбі, Қараша 1, 2026
8.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында VІ облыстық жас педагогтар форумы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Сандықтау ауылында жыл бойы жұмыс істейтін  балалар сауықтыру лагері базасында «БІЛІМДІ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» атты жас педагогтар форумы өз жұмысын бастады. Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы форумды алтыншы рет өткізуде.

Іс-шараға жас педагогтардан басқа аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, педагог-тәлімгерлер және «Білімді жастар»жас педагогтар одағының төрағалары қатысады.

Форум аясында «BILIMDI JASTAR» дөңгелек үстелі ұйымдастырылып, жас педагогтардың Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Жетпісбайұлы Оразалинмен кездесуі өтті.

Жас мұғалімдер облыстың бас мұғаліміне педагогтың қасиеттері, кәсіби өсудің маңыздылығы туралы сұрақтар қойды. Оларды өңірдегі жас мамандарға қандай қаржылық қолдау шаралары көрсетіліп жатқаны да қызықтырады.

Шоқан Жетпісбайұлы жас педагогтармен әңгімелесу барысында өзінің ұстаздық тарихы мен педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Ол жұмыста ұстанатын негізгі принциптер туралы да айтып берді.

Әңгіме соңында білім басқармасының басшысы жас мамандарға жұмыста табыс тілеп, ынта-жігері мен үздіктердің үздігі болуға деген ұмтылысын жоғалтпауларына сенім білдірді.

Бұдан әрі жас педагогтар үшін облыстық әдістемелік орталықтың психологиялық қызмет бөлімінің өкілдері «Ортақ мақсаттарға бірлікте» тренинг-активін өткізді.

Ертең, 5 қаңтарда жас мамандар «Жас педагогтың шеберлік аумағы» шығармашылық зертханасы (көрме), «Білім беру қарқындылығы» ФОРСАЙТ-алаңы, интерактивті презентация алаңының траекториясы және «Сіздер бәрін жасай аласыз!» тренингіне қатысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика